Untitled Document

Денеміздегі ғажайыптар

Адам, өз денесінің қаншалықты үлкен фабрикаға және лабараторияға теңдес екенінен хабарсыз. Тек тыныс алудың өзі үлкен бір химиялық құбылыс. Ауадан алынған оттегі денеде сіңірілгеннен кейін көмірқышқылгазы күйінде сыртқа шығарылады. Асқорыту жүйесі болса алып зауыт іспеттес. Ауыздан кірген тағамдар және сусындар, асқазанда бөлшектеніп ұсақталған соң денеге пайдалы бөлігі аш ішектен сүзіліп қанға араласуда және қалдығы сыртқа шығарылуда. Бұл орасан зор құбылыс тұрақты түрде және автоматты түрде, үлкен бір заңдылықпен орындалуда, дене алып зауыт сияқты жұмыс атқаруда.

Адам денесінде әр түрлі аралас формулада көптеген элементтер өндіретін, химиялық реакцияларды жүзеге асыратын, анализ жасайтын, жіктейтін, тазартатын, улы заттарды жоятын, жараларды жазатын, түрлі элементтерді сүзетін, күш-қуат беретін алып жүйенің болғанындай кереметтей электір желісі, басқару жүйесі, электрондық компьютер, хабар беру, жарық, дыбыс қабылдау, қысым жасау және реттеу жүйесі, микроппен күрес және оларды жою жүйесі де бар. Ал жүрек, еш тынымсыз, тоқтаусыз соғып, жұмыс істейтін ерекше сорап.

Адамның бойында бүкіл осы материалдық кереметтей ерекшеліктермен қоса, түсіну, ойлану, есте сақтау, еске түсіру, шешім қабылдау, жақсы көру сияқты өте күрделі рухани құндылықтар да бар. Бұл құндылықтардың қадірін өлшеу, оны түсініп жету адамдар үшін мүмкін емес нәрсе. Демек, адамның денесімен бірге рухы да бар деген сөз. Дене өлсе де рух өлмейді.