Untitled Document

VII Қысқы Азия Ойындары

Былтыр 30 қаңтар – 7 ақпан аралығында елімізде VII Қысқы Азия Ойындары болып өтті. Мемлекетіміз бұл маңызды ісшараны жоғары деңгейде атқарып, жарыс сындарында да үздік нәтижелерге қол жеткізуі арқылы Қазақстанның атын әлемге паш етті. Қазақстан құрамасы жеңіп алған  бас жүлде және басқа да медальдар саны жағынан қысқы Азия ойындарының рекордын жаңартты. Бұған дейін Азиядада ең көп алтын алған Жапония құрамасы еді. Күншығыс елінің өкілдері 1986 жылы Саппорода тұсауы кесілген аталмыш додада 29 рет жеңіске жеткен болатын. Ал, біздер 2011 жылы 32 рет әнұранымызды шырқаттық. 2003 жылы Аомориде жапондар 67 медальды иеленсе, Қазақ елінің өкілдері Астана мен Алматы қалаларында өткен жарыста 70 медальды олжалап бас жүлдені иелік етті.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге мырза да  Қазақстанның 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға  мүмкіндігі мол  екенін атап айтты.  Қазақстан оған 7-Қысқы Азия ойындарына салынған спорт нысандарының арқасында қол жеткізіп отыр. Келесі 2015 жылғы VIII Қысқы Азия Ойындарын ұйымдастыру құқығы қысқы Азиаданы өткізуден тәжірибесі мол Жапонияның Саппоро қаласының еншісіне тиді.

VII Қысқы Азия Ойындары жүлделерінің жалпы қорытындысы:

 

 

Мемлекеттер

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

1.

Қазақстан

32

21

17

70

2.

Жапония

13

24

17

54

3.

Оңт. Корея

13

12

13

38

4.

Қытай

11

10

14

35

5.

Монғолия

0

1

4

5

6.

Иран

0

1

2

3

7.

Қырғызстан

0

0

1

1

8.

Солт. Корея

0

0

1

1