Untitled Document

Қағаз және баспахана

Қағазды ойлап шығарғандар мұсылмандар емес. Бірақ, жер жүзіне жайылуына себеп болған және оны ары қарай дамытқан мұсылмандар. Мысалы, Андулусияда мақта аз болғаны үшін, көп мөлшерде кендіршөп пен зығыр сияқты заттардан қағаз жасалатын. Андулусияда алғашқы қағаз жасау фабрикасы «Шатбе» қаласында құрылды. Кейінірек «Биленсиядя» және де басқа қалаларда да фабрикалар салынды.

ХІІІ ғасырда бүкіл Ислам мемлекеттерінде қағаз жасау фабрикалары бар еді. Ал еуропалықтар, тек Шам қағазын Андулусия мұсылмандарынан көріп қана қолданды. Испаниялық христиандар тарапынан жаулап алу кезінде, Андулусия мұсылмандары құрған қағаз жасау фабрикалары да христиандардың қолдарына өтті. Осылайша, алдымен испандықтар, кейін Франция және басқа да Еуропалық мемлекеттер қағаз жасауды және қағаз өндіруді үйренді.

Кітап басу өнері тағы да мұсылмандар тарапынан Еуропаға танытылды. Әйтпесе баспахананы ойлап тапқан Готенберг емес. Андулус Омаядтар халифасы ІІІ Абдуррахман (912-961) дәуірінде мемлекет сарайында ресми жазулар, бір құралмен көбейтіліп жіберілетін.

Дүние махаббаты

Сәлжүк патшасы Сұлтан Рукнәддин бір адамы арқылы Хазреті Мәуланаға бір кесе алтынды сыйлық ретінде жібереді.

Ұлы әулие сыйлықты әкелген адамға: «Қолыңдағыларды мына лайға таста!» - деп бұйырды. Әлгі адам еш саспастан: «Айтқаныңыз болсын» - деді де, алтындарды лайға тастай салды.
Бұл оқиғаны көргендер мен естігендер бірден сол жерге асыға жөнелді. Бір алтын ала алу үшін лайға түсті. Хазреті Мәулана шәкірттеріне бұл адамдарды көрсетіп:

- Міне, дүниеге деген махаббат та осындай. Кірген жүрегін осылай ластайды,- деді. Шәкірттерінің біреуі:

- Ұстазым, дүние үшін жұмыс істемейік пе? - деп сұрағанында:

- Жоқ, олай емес. Керісінше мұсылман еңбекқор болуы керек. Дүние үшін жұмыс істеңдер. Бірақ жүректеріңде оған деген махаббат болмасын.