Untitled Document

Омар бин Абдул Азиз (1)

Әмәуи халифаларының сегізіншісі Абдулазиз бин Мәруанның ұлы. Анасы хазреті Омардың ұлы Асымның қызы. 679 (хижри 60) жылы Мәдинада туылып 720 (хижри 101) жылы уландырылып шәһит етілді.

Омар бин Абдулазиз өте құрметті, ғалым, әділетімен мәшһүр болған теңдесі жоқ тұлғалардың бірі. Жаратылысындағы жомарттығы себебімен адамдардың бәріне мал-мүлкін сарп етіп, ешкімнен көмегін аямайтын еді. Халифа Уәлид бин Абдулмәлик оны 706 ж Харемейнге (Мекке және Мәдина қалаларына) уәли (әкім) етіп тағайындады. 707 ж “Мәсжиди Нәби”-ді (пайғамбарымыздың мешітін) кеңейтіп және түбегейлі жөндеу жұмыстарын жасатты.

Хужра-и саадет”-тің (пайғамбарымыздың кесенесінің) төрт дуалы да құлатылып, жонылған тастармен жаңадан тұрғызылды. Ескі дуалдың негізі ашылып жатқанда хазреті Омардың аяғы көрінді. Мүлдем шірімеген еді. Хужраның (кесененің) сыртынан екінші қатар болып тағы бір дуал тұрғызылды. Бұл дуал бес бұрышты және мүлдем есігі жоқ еді. Дуалдар, тіреулер және төбесі алтынмен безендірілді. Омар бин Абдулазиз 711 жылға дейін Харемейннің уәлисі (әкімі) болды. Халифа Сулейман бин Абдулмәлик екі ұлы бар болғанымен Ахднама (жарғы) жазып, мүһірлеп, Омар бин Абдулазизді өзіне халеф (өзінен кейінгі халифа) етіп тағайындады.

Халифалығы кезіндегі атқарған бүкіл істерінде көз алдына қиямет күнін елестететін. Халықтың ақыларын лайықты түрде орындай алмаудан қатты қорқатын. Мұсылман және мұсылман емес барша тұрғындарға да өте әділ мәміле жасап, атқарған бүкіл істерінде әділеттілікті паш етті. Оның заманында барлық аймақтарда мұсылмандардың саны артты. Ислам әскерлері шығыста және батыста жеңістерге қол жеткізді. Пиреней таулары асып өтіліп, Францияға кірілді. Бүкіл берберлер (Солтүстік Африка халқы) оның заманында мұсылман болды. Андалусияда (Испанияда) халық санағын жүргізіп, өлке топырақтарын әділ түрде халыққа үлестіріп, күшті егін шаруашылығын қалыптастырды. Мұсылман, мұсылман емес барша халқының яғни бүкіл әлеуметтік топтардың сүйіспеншілігіне бөленді.