Омар бин Абдул Азиз (2)
Омар бин Абдулазиздің құрған бейбітшілік және тыныштық ішіндегі билікті көре алмағандар да бар еді. Бұлар “әһли бидғат”-тан (бидғатшы топтардан) харижилер және мансабынан айрылғандар еді. Халифаны тақтан құлату үшін қызметшісін алдап түсіріп тағамына у қостырады. Омар бин Абдулазиз уланғанын түсінгенінде қызметшісін шақыртты: «Мен саған ешқандай жамандық істемесем де маған бұл қиянатты неліктен істедің? Шыныңды айт мен сені кешіремін» дегенінде, қызметшісі бұл істеген опасыздығына қатты өкініп, жылап: «Ей әмирул-муминин! Маған мың алтын беріп осы қиянатты жасатқызды» дейді. Халифа бұл алтындарды әкелгізіп мемлекет қазынасына қостырды. Қызметшісін кешірді.
Омар бин Абдулазиз төсек тартып, өлім аузында жатқанында бір мезетте жылай бастады. «Не үшін жылап жатсыз, Аллаһу та’аланың көмегімен қаншама сүннеттерді орындадыңыз. Әділеттігіңіз өте үстем болды» дегендерге жауап ретінде «Мен Аллаһу та’аланың құзырына бүкіл мемлекеттің есебін беруге шықпаймын ба? Барлық адамдарға әділ мәміле атқара алғаныма сенімді емеспін. Істеген кемшіліктерім де бір бөлек. Әлбетте мен осыдан қорқып жылап жатырмын» дейді. Бір кезде өзін отырғызуын сұрап: «Аллаһым! Мен Өзіңнің берген әмірлік міндетін арқалаған құсырлы адаммын. Қате істерді жасаудан қайтарғаныңмен қарсы шықтым» дегеннен кейін «Лә илаһә иллаллаһ, ғибадатқа лайықты болған тек Аллаһу та’ала» деп жанын тәслім етті. 9 қаңтар 720 жылы Шам қаласының маңындағы Хунасиден жаназасы алынып Хумус маңындағы Дәйр-әс-Симан деген жерге жерленді.
Омар бин Абдулазиздің өліміне бүкіл халық қайғырды. Жаназасының артынан жылаған шіркеу попына: «Бұл кісі сенің дініңде емес қой, неге жылайсың?» деп сұрағанда: «Жер бетінде бір күн бар еді, сол қазір батты. Сол үшін жылаудамын» дейді.
Омар бин Абдулазиз екі жыл бес ай жүргізген халифалығын әділетпен басқарып, Хуләфа-и Рашидиннің жолында болды. Асқан әділдігі себебімен екінші Омар (Омарул-Сани) деген атаққа ие болды.