Алма – шипаның қайнар көзі
Салауатты қоректенудегі алманың маңыздылығы ойлағанымыздан да артық пайдалы болып, ішектердің қатерлі ісікке шалдығу қауіпін де азайтады. Мамандар сол себептен әрбір астан кейін алма жеуге кеңес береді. Құрамы көптеген минерал және витаминдерге қанық болған алманың өзге де бір қатар пайдалары мыналар:
Арықтау үшін: Арықтау үшін өте жақсы жеміс. Нәрлілігі төмен болғандықтан семірудің алдын алады, қанның құрамындағы шекерді реттейді және жоғарғы қан қысымына оңынан ықпал етеді.
Иммунитет үшін: Алмадағы С витаминінің арқасында суық тию (тұмау) вирустарын денеге кіргізбейді. Құрамындағы ферум С витаминімен бірлескенде ағзаға жақсы енеді.
Іш қатуында: Түскі астың алдында желінген бір алма іш қатуының алдын алады.
Тістер үшін: Тамақтардан кейін желінсе, тіс тазартудың орнына өтеді.
Холестерин үшін: Алма зиянды холестеринді (LDL) азайтып, пайдалы холестеринді (HDL) көбейтеді.
Жүрек үшін: Алмадағы Фенилаланин (алмастырылмайтын амин қышқылы) денедегі жүрек қызметіне көмекші болған Q ферментін белсендіреді.
Полюстерде аң аулау
Полюстердегі аю аңшылары мұздардың арасына ұстарадай өткір балтаны орнатып, өткір жүзіне біраз қан жағып қояды екен. Мұны білмеген аю қанды жалаған кезде тілі кесіледі. Бірақ қанның дәмінен тілінің ауырғанын сезбей, өз қанын өзі жалай беріп, тамырларындағы қан таусылған кезде тұрған жерінде сылқ түсіп құлайды екен. Осылайша аңшы еш оқ атпастан, аюды оңай жолмен қолға түсіріп, терісін өте қымбат бағаға сатады екен. Егер мылтықпен ататын болса, аюдың терісі тесіліп, қымбат бағаға сатылмайтын еді. Сол себепті осы жолды қолданады екен.