Untitled Document

Ең үлкен апаттар

Бүгінге дейін дүниеде болып өткен ең көп шығынды 10 апат:

  1. Титаник – 150 миллион доллар: Титаник апаты – ең танымал және әйгілі апат. Бірақ ең шығынды апаттар тізімінде оныншы орынды иеленді. 1500 адам өмірі қиылған.
  2. Германиядағы танкер-көпір апаты – 358 миллион доллар: 26 тамыз, 2004 жылы Германияда бір танкер 32000 тонна мұнайды тасымалдау кезінде Wiehltal көпіріне соғысты, бүкіл мұнай суға кетті.
  3. Метро желісінің апаты – 500 миллион доллар: 12 қыркүйек, 2008 жылы Калифорнияның Метро желісінде орын алған апат. 25 адам қаза тапқан.
  4. B-2 Bomba ұшағының апаты – 1.4 миллиард доллар: 23 ақпан, 2008 жылы АҚШ-та Тынық мұхитының ортасындағы Гуам аралында ауаға көтерілгеннен кейін бомба жүктелген ұшақ бірден құлады.
  5. Exxon Valdez – 2.5 миллиард доллар: Exxon Valdez 10 миллион галлондық мұнайдың мұхитқа төгілуі. Мұнай тасымалдайтын кеме жартастарға соғысып, мұхитты мұнай теңізіне айналдырды.
  6. Alfa Petrol ұңғымасы – 3.4 миллиард доллар: 6 маусым, 1988 жылы орын алды. Теңіздегі мұнай мұнарасы құлады. Бір күнде 317 мың баррель мұнай теңізге төгілді.
  7. Challenger жарылысы – 5.5 миллиард доллар: 28 қаңтар, 1986 жылы АҚШ-та бір ғарыш кемесі ауаға ұшқаннан 73 секундтан кейін ауада жарылды.
  8. Престиж мұнай кемесінің апаты – 12 миллиард доллар: 13 қараша, 2002 жылы Престиж атты жүк кемесі 77000 тонна мазут тасымалдау кезінде Еуропа маңында батты және 20 миллион галлон сұйық отын теңізге кетті.
  9. Коломбия Ғарыш кемесі – 13 миллиард доллар: 2 ақпан, 2003 жылы АҚШ-та Коломбия атты ғарыш кемесі ғарыштан түсуден 16 күн бұрын ауада жарылды.
  10. Чернобыль апаты – 200 миллиард доллар: 26 сәуір, 1986 жылғы тарихтағы ең үлкен социалды-экономикалық пәлекет болып танылатын бұл апатта 125000 адам қайтыс болды, 200000 адам өмір сүріп жүрген жерін тастап кетуге мәжбүр болды және 1700000 адам бұл апаттан зардап шекті.