Өлімді сезетін мысық
АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы қарттар үйінде өмір сүретін Оскар есімді мысықтың бүгінге дейін өлімі жақындаған ауруларға қатысты жасаған болжамдарының түгелге жуығы дұрыс болып шықты.
Мысықтың бұл ерекшелігі жайында 2007 жылы “New England Journal of Medicine” атты медициналық журналда бір мақала жарық көрді. Браун университетіндегі қарттар сырқатының маманы Дэвид Доса, 5 жылда өте сирек жаңылысқан Оскар жайында кітап жазды. «Оскармен кезекшілікте: Қарапайым мысықтың ерекше қабілеті» атты кітапта Оскардың өлімі жақындаған 50 науқасты дұрыс болжағаны білдірілген.
Оскар қарттар үйінде күндерін бір бөлмеден басқа бөлмеге серуендеп, аралаумен өткізеді және ажалына бірнеше сағат қалған науқастардан басқа ешкімге жақындамайды. Өлімі жақындаған науқастың бөлмесінен сыртқа шығарылатын болса, есікті тырнап ішке кіруге ұмтылады. Бір ретінде медбикелер өлім аузында жатқанын түсінген бір науқастың төсегінің үстіне қояды. Бірақ Оскар бөлмеден шығып кетіп басқа бір аурудың қасына келеді. Қасына Оскар барған ауру сол түні, ал қасынан кеткен науқас болса екі күннен кейін қайтыс болады.
Бес жастағы Оскар науқастардың қашан өлетіндігін болжау тұрғысынан тіпті аурухана қызметкерлерінен де асып түсуде. Оскар бір науқастың жанына немесе құшағына жатқанында қарттар үйінің қызметшілері дереу ол қарттың жақындарына хабар береді, осылай жанұясы және туыстары науқастың соңғы сәттерінде жанында болады. Мысықтың қатерлі ісіктің (рак) де иісін сезетіндігі болжануда.