Алты насихат
Бір реті түсіп Ибраһим Әдхам хазреттерінен біреу насихат сұраған екен. Оған алты нәрсені қабыл етсең саған ешбір ісің зиян бермейді. Ол алты нәрсе мынау деп білдіреді:
1) Күнә жасайтын кезіңде оның ризығынан жеме! Ризығын жеп тұрып Оған қарсы шығу дұрыс бола ма?
2) Оған қарсы шыққың келсе, Оның мүлкінен шық! Оның мүлкінде бола тұра Оған қарсы шығу лайықты ма?
3) Оған қарсы шыққың келсе Оның көріп тұрған жерінде күнә жасама! Көрмейтін жерінде жаса! Оның мүлкінде болып ризығын жеп, көріп тұрған жерінде күнә жасау дұрыс болмайды.
4) Жан алушы періште рухыңды алуға келгенде тәубе еткенге дейін рұқсат сұра! Ол періштені қуа алмайсың. Күш-қуатың бар кезде ол келмей тұрып тәубе ет! Ол да қазіргі уақыт. Өйткені өлім періштесі кенеттен келеді.
5) Мазарда Мүнкәр және Нәкир есімді екі періште сұрақ алуға келгенде оларды қуып жібер, сені сұраққа алмасын!
(Насихат сұраған адам «бұл мүмкін емес» дейді. Шейх оған «олай болса қазірден бастап оларға жауап дайында!» деді)
6) Қиямет күні Аллаһу та’ала «Күнәсі болғандар Жаһаннамға түссін!» деп бұйырғанда, мен түспеймін де!
Әлгі адам «Бұл сөзімді тыңдамайды ғой» деді, сөйтті де тәубе етті және өлгенше тәубесінен қайтпады.
Әулиенің сөзінде илаһи әсер болады...