Untitled Document

Ұялы телефон жайлы ескертулер

Американың алдыңғы қатардағы рак ауруларын зерттейтін ғылыми құрылымдарының бірі Питтсбург Рак Институтының директоры Рональд Херберман 3000 жұмыскеріне екі беттік жазу жіберіп, ұялы телефонға тиісті ескертулерін жасады. Олардың кейбіреулері мыналар:

♦ Балаларыңа өте зәру жағдайлар болмаса ұялы телефон қолдануға рұқсат бермеңдер!

♦ Сөйлескенде денеден алыс ұстаңдар. 90 см қашықтықтағы телефоннан тарайтын

лектромагниттік толқын 50 есе аз келеді. Мүмкін болғанша құлаққап (наушник) қолданыңдар!

♦ Телефонды қалтада (денеге жақын) ұстамаңдар. Жатарда жандарыңа алып жатпаңдар!

♦ Қалтада алып жүретін болсаңдар түймелері бар бетін сыртқа қаратыңдар!

♦ Сөйлесудің көп ұзамауына мұқият болыңдар!

♦ Сөйлескенде құлақты жиі ауыстырыңдар!

♦ Арғы тараптағы адам тұтқаны алмайынша телефонды құлаққа апармаңдар!

♦ Машинада немесе пойызда үлкен жылдамдықта телефон базалық станцияаларды ұстау шін көп мөлшерде толқын жаятыны үшін телефонмен сөйлеспеңдер!

♦ Мүмкін болғанша хат жіберу (sms) арқылы хабарласуға тырысыңдар!

♦ Электромагниттік толқын өлшемінің (SAR) деңгейі төмен болған телефондарды қолданыңдар!