Untitled Document

Батыста халық саны азаюда

Батыста халық саны азаюда

Англиядағы Ұлттық Статистика Басқармасының мәліметтері бойынша, 2026 жылы Англиядағы үйлердің 70 пайызында тек қана бір адам өмір сүретін болады. 2050 жылдан кейін Еуропадағы бірнеше ұлт өкілдері өз мемлекеттерінде азшылық жағдайына келеді. Өйткені, қазіргі таңда бұл мемлекеттердің көбінде халық саны азаюда.

АҚШ-тың Ауруларды Бақылау және Профилактика (СDC) орталығының  жасаған зерттеулері бойынша, Батыс мемлекеттерінде туылған балалардың жартысы некесіз туылуда. Бүкіл туылған балалардың АҚШ-та 44 % -ын, Швеция мен Норвегияда 50 % -ын тұрмысқа шықпаған әйелдер дүниеге әкелген. Франция, Дания және Англиядағы санақтар АҚШ-тан да жоғары.

Еуропалық Одақтың Статистика агенттігі Еуростаттың мәліметтері бойынша, Еуропадағы ажырасу көрсеткіші 50 % - жоғары болған мемлекеттер төмендегілер:
Белгия                        75%
Эстония                     70%
Чехия                         67%
Латвия                        62%
Венгрия                     55%        
Швеция                      54%
Финляндия                                52%
Германия                  52%
Люксембург               51%
Австрия                     50%

Вашингтондық халық санағы департаментінің басшысы Карл Хауб осы күйреуді қысқаша былай баяндады: «Жанұядағы қадір тұтылатын нәрселер өзгерді. Әйелдер бұрынғымен салыстырғанда қазір тәуелсіз. Экономикалық тұрғыдан да өз аяқтарында тұра алады. Жастар өз отбасы мүшелерімен бірге тұрғысы келмейді. Аталарының, әжелерінің өмір сүрген әлеуметтік ережелермен өмір сүруге өздерін мәжбүр сезінбейді...»