Untitled Document

Теледидар және бала

Үнемі қосылып тұратын теледидар кесірінен мыңдаған бала сөйлеуді өте кеш бастауда.
Daily Mail газетіндегі хабар бойынша You Gov (зерттеу орталығы) тарапынан 1000 ата-ана арасында жасалған сауалнама нәтижесінде ұл балалардың 22 %-ының, (бес баланың біреуі), ал қыз балалардың 13 %-ының (жеті қыздың біреуі) сөйлеуінде және өзгелердің сөйлегенін түсінуінде, теледидар даусының кесірінен үлкен қиындық туып жатқаны белгілі болды. Англиядағы жас өспірімдер ісіне байланысты кеңесшісі Джеан Гросс зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, балалардың 3 %-ының күрделі сөйлеу проблемасына тап болғанын анықтады.

Зерттеу бойынша теледидарды балалар тікелей көрмейтін болса да, естіліп тұрған даусының кесірінен үлкендердің айтқан сөздерін түсіну үшін арнайы күш жұмсап қиналатыны анықталды. Сонымен қатар көбінесе теледидар, радио, музыкаға әуес адамдардың балаға көңіл бөлу, онымен сөйлесу мөлшері 0 деңгейіне дейін түсіп кетеді.

Гросс теледидардың емес, тірі адамның даусының маңыздылығын ескерте келіп: «Миымыз машиналардан үйренуге бейім емес. Бүлдіршіндер үйдегі адамның даусын тыңдап, оны қайталап сол ырғақпен сөйлеп үйренуге, жанұя мүшелерінің жүздерін көріп тануға бейімделген.» деп атап өтті.

Балалар әдетте бірінші сөздерін 10-11 айлық кезде айтады. Үш жастағы балалардың 4%-ның әлі сөйлей алмайтындықтары белгілі болды.

Кешегі сұрақтың жауабы: Жексенбі және дүйсенбі күндері 53 рет қайталанады.