Untitled Document

Пайғамбарымыздың хаты (2)

Саудамен айналыспайтын және тек ғибадатпен ғана шұғылданатындардан қай жерде болса да, жизйа және ғарамәт сияқты салықтар алынбасын! Теңізде және құрлықта, шығыста және батыста олардың қарыздарын мен өтеймін. Олар менің қорғауымда. Мен оларға кепіл боламын.

Тауларда өмір сүріп ғибадатқа берілгендердің егіндерінен хараж (салық) алынбасын! Егіндерінен мемлекеттік қазына үшін үлес шығармаңдар! Өйткені, олардың шаруашылығы таза напақаларын табу үшін жасалып жатыр, пайда үшін емес. Жиһад үшін адам қажет болса, оларға өтініш жасамаңдар. Жизйа алу керек болса, қаншалықты бай болса да, қаншалықты мал-мүліктері көп болса да жылына 12 дирхамнан артық салық алмаңдар! Оларға қиыншылық, машақат көрсетілмеуі керек. Олармен келіссөз жасау қажет болса, тек қана мейірімділік, жақсылық және қайырымдылықпен әрекет етіледі. Оларды әрдайым мейірім мен қайырымдылық қанаттарының астында паналатыңдар!

Қай жерде болса да, мұсылман еркекке үйленген христиан әйелдерге жаман қарым-қатынас жасамаңдар! Олардың өз шіркеулеріне барып, өз діндері бойынша ғибадат етулеріне бөгет болмаңдар! Кімде-кім Аллаһу та’аланың бұл әміріне мойынсұнбаса және мұның терісінше әрекет етсе, Аллаһу та’аланың және пайғамбарының әмірлеріне қарсы шыққан болып саналады. Оларға шіркеу жұмыстарында жәрдем етіледі. Бұл уәде (ахд) қиямет күніне дейін күшін сақтайды, дүниенің соңына дейін өзгерместен қалады және ешкім бұған теріс әрекет ете алмайды. (Бұл келіссөз хижреттің екінші жылы, Мухаррам айының үшінші күні, Мәдинаи мүнәууарада Мәсжиди Са’адатта хазреті Әлиге жаздырылған. Бұл хаттың негізі Фаруддин Бектің «Мәжмуа-и Муншаа-тус салатин» кітабы, 1 том, 30 бетінде.)