Untitled Document

Жұмақ пен тозақ қазір бар

Жұмақ пен тозақ қазір бар. Жұмақ жеті қат көктің үстінде. Тозақ барлық болмыстың астында. Сегіз жәннат, жеті жаһаннам бар. Жәннат жерден, күн мен аспаннан да үлкен. Ал жаһаннам күннен үлкен.

Жұмақта ешқандай қайғы-мұң болмайтыны секілді, тозақтықтардың өкініші секілді де өкініш болмайды. Жұмақта біркелкі өмір жоқ. Адамның қиялына да келмейтін ниғметтер болады, бұлардан алынатын зауқпен ләззаттың өзі әр мезетте көбейіп тұрады. Мұны бұл дүниедегі ниғметтерге ұқсатып түсіну мүмкін емес. 

Тозаққа түскендер “Біз де иман келтіріп, жұмақтағы шексіз ниғметтерге қауышқанымызда ғой” деп өкінеді. Жұмаққа түскендер, бұдан да көп ғибадат жасағанымда, бұдан да үлкен дәрежелерге қауышқанымызда ғой деп айтады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жұмақтықтар ешнәрсеге өкінбейді. Тек Аллаһты зікір етпей (есіне алмай) өткізген уақыттары үшін өкінеді.» (Хаким)

«Қияметте пасық-салих барлық адам өкінеді. Пасық күнә жасауды тастап тура және тақуа жолда болмағаны үшін, ал салих адам бұдан да көп ғибадат жасамағаны үшін өкінеді.» (Фәраидул Фәуаид)

Жұмақта еркектердің сақалы шықпайды. Сақал қыру немесе сол сияқты басқа да әурешіліктер болмайды. Мәселен әжетханаға бару мұқтаждығы да болмайды. Намаз, ораза секілді ешқандай ғибадат болмайды, ақылға, қиялға келмейтін ниғметтерге қауышылады. Сақалға байланысты хадис шәриф мынадай:

«Жұмақтық адам сақалсыз, қара кірпікті болады.» (Тирмизи)

Жұмақта барлық адам отыз үш жаста болады.  Пайғамбарымыз бір кәрі әйелге: «Жәннатқа қарт адамдар кірмейді» дегенінде әлгі әйел жылай бастайды. Сонда пайғамбарымыз «Сен ол кезде жас кейіпте боласың.» дейді. (Тирмизи)

Бір адам түсінде неше-түрлі жеміс жесе, оянғанында бұл көргенінің шын емес екенін түсінеді. Жұмаққа барған адам да, бұл дүниедегілердің барлығын қиял секілді көреді, яғни ақиқатқа қауышады. Бұл дүниедегі заттар Жәннаттағы нәрселердің көлеңкесі, кескіні секілді. Хадис шәрифте: «Адамдар ұйқыда, өлгенде оянады.» делінген. Өліп ахиретке барғанда бұл дүниеде болғандар, түс көрінгендей болады. Тағы бір хадис шәрифте: «Жәннат ниғметтерімен бұл дүниедегілердің тек атында ғана ұқсастық бар.» делінген.