Untitled Document

Жапония зілзаласы

Жапонияның солтүстік-шығысында былтыр 2011 жылдың 11 наурызында болған 9 балдық жер сілкінісі және артынша пайда болған цунами пәлекеті Жапонияға 200-250 миллиард доллар шамасында зиян келтірді. Бұл орта есеппен ұлттық табыстарының шамамен 4 %-на тура келеді. Соңғы жүзжылдықтың ең үлкен пәлекеттерінің бірін басынан өткерген Жапонияда 30 мыңнан астам адам қайтыс болды, мыңдаған адамның мәйіті табылмады. 90000 ғимарат жойылды, автокөлік зауыттары, мұнай өңдеу зауыттары, технология және сақтандыру компаниялары өте үлкен соққының астында қалды. Миллиондаған адам баспанасыз, қорғансыз қалды, макарон және күріш жеп, өлмеудің амалын жасады. Су және электрлік қиыншылықтар бой көтерді. Жапонияда көлік қатынау тұрғысынан да үлкен шиеленістер орнады. Дүниежүзілік Банк 2 пәлекетті бірден басынан кешірген Жапонияны қалпына келтіру жұмыстары 5 жылға созылатындығын мәлімдеді. Осы пәлекет салдарынан атом электростанциясының да зардап шеккендігі және ядролық ағыстың да болғандығы болжануда.

Әрекетсіздік

Отырып жұмыс істейтіндер немесе көлікпен жұмысына барып келетіндерде бұлшықеттері босап, тамырдың қатаюы және жүрек мазасыздықтары шығуы мүмкін. Тамақ ішу тек қажетті азықтарды жеумен ғана шектелмей, қалыпты түрде тамақтанғаннан кейін алынған азықтың жұмсалуы және міндетті түрде денеде қорытылуы керек. Бір орында отырып жұмыс істейтіндер өте көп жаяу жүрулері керек, ал бұны істей алмағандар болса, аурып қалудан қорғану үшін жеген тамағына мән беруі керек.