Untitled Document

Имам Ғазалидің насихаттары

  • Көшені жиналып отыратын орын ретінде қолданба!
  • Дүкендерді сұхбаттасу орны ретінде таңдама!
  • Пікір таласуда өзіңдікін дұрыс шығару үшін қыңырлық көрсетпе!
  • Әдепсіз, тәрбиесіз және тәртіпсіз адамдармен таласып-тартыспа!
  • Бір нәрсені немесе бір адамды мақтаған кезде асырып жіберме!
  • Бір жиында отырғаныңда, басқа нәрселермен әуре болма!
  • Бір жиында отырғаныңда дене мүшеңнің бір жерімен ойнама!
  • Ел көзінде абыройыңды түсіретін сөз және әрекеттерден ұзақ бол!
  • Әдемі сөздерге мән беріп құлақ сал!
  • Қажеттілігінен артық мөлшерде иіссу қолданба!
  • Бірқатар армандарыңның орындалуы үшін басыңды име!
  • Ақшаңның толық мөлшерін бала-шағаңа білдірме!
  • Біреумен сөз тартысқаныңда салмақтылық пен байсалдылығыңды жоғалтпа!
  • Қатты қобалжып, бетің қызарып жүрмесін!
  • Саған жаман мәміле көрсетілген болса да, сен лайықты мәміле көрсет.
  • Әр уақытта қарапайым бол және жұмсақ мәміледе бол!
  • Бай адамның бергендеріне қарсы бас июден сақ бол!
  • Сөз берген болсаң, оны табандылықпен орындауға тырыс!
  • Сөйлеген кезіңде тек қана дұрыс сөйле!
  • Барлық жерде орынды сөздер айт, әдемі сөйлеуге тырыс!
  • Деннің саулығын сезінгің келсе аз жеп-іш!
  • Тыңдаушың бар болса ғана сөйле!
  • Кейбір сөздерді қайта-қайта айтып, қайталап тұрма!
  • Ешкімді алдама және ешкімді мазақ етпе! Өтіріктен тиыл!
  • Көпшілік жерлерде түкірме!
  • Сатқан затыңды ұнатпай, кері қайтаратын болса ал!
  • Қатты шөлдеген болсаң, алдымен аузыңды шай, кейін су іш!
  • Базарда жүргеніңде ешкімді ренжітпе!
  • Ешбір затты егесінің рұқсатынсыз алма да, қолданба да!
Аузыңда тағам барда сөйлемеуге тырыс!