Англия мектептеріндегі жүктілік
Англия – бүкіл Еуропа мемлекеттері арасында 16 жасқа дейінгі қыз балалардың жүктілігі ең көп байқалған мемлекет. Өкілеттілер бүгінге дейін миллиондаған ақша жұмсаған болса да, бұл мәселенің алдын ала алмағандықтарын баяндады.
Англияның ең үлкен проблемаларының бірі, бой жету кезеңіндегі қыздардың екіқабат болып қалуы.
Статистика бойынша, соңғы 8 жыл ішінде әлі бастауыш мектепті бітірмеген 54 қыз бала екіқабат болған. Бұл қыздардың он бесі әлі 10 жасында, отыз тоғызы 11 жасында болған.
Өкіметтің статистикасы бойынша, әр жылы Англияда және Уэльсте он үш жастағы және он үш жасқа толмаған 300 қыз екіқабат болуда. Ал 2002 жылдан осы күнге дейін он бес жасқа толмаған алпыс үш мың бес жүз сексен жеті қыз балалар босанды.
Статистикалық мәліметтер екіқабат болған қыздардың 60 % -ы жасанды түсік жасатқанын көрсетсе де, құжатқа енбей қалған көптеген босану және жасанды түсік жасатқандар анықталуда.
Кент Университетінің профессоры Франк Фуреди, жағдайдың «нашар» екенін айта келе: «Бұл жағдай балалардың жыныстық қатынастарға қаншалықты батып, берілгенін көрсетіп тұр.» деді.
Шелек
Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине шелектен белгілі мөлшерде су тасып шығады. Шелектің ауырлығы артады ма, азаяды ма, әлде өзгермейді ме? (Жауабы ертең)