Untitled Document

Хазреті Мәһди

Хазреті Мәһди – қиямет жақындағанда келетіні пайғамбарымыз тарапынан хабар берілген мүбәрәк адам. Осы уақытқа дейін көптеген жалған Мәһдилер шыққан, әлі де шығуда. Алайда, Ибн Хажер Мәккидің “Аламат-ул Мәһди” және Имам Суйутидің “Әл-Бурхан” атты кітаптарында Мәһдидің 200-ге жуық белгілері жазылған. Бұлардан кейбіреулері төмендегідей:

- Мәдинада туылып, Меккеде аты шығады.
- Өзінің есімі Мұхаммед, әкесінің есімі Абдуллаһ болады.
- Иығында пайғамбарлық мөрі сияқты мөр болады.
- Мүжәддид, мүжтаһид ғұлама болады.
- Ілім және әулиелікте дәрежесі өте жоғары болады.
- Төбесінде ақ бұлт жүреді. Бұлттан бір періште: «Бұл Мәһди. Айтқанына бағыныңдар!» дейтін болады.
- Өзі қаламаса да, халифа болып сайланады.
- Ижтиһады (шығарған үкімі) Ханафи мазһабына сай болады.
- Бүкіл мұсылмандар оған бағынады.
- Өте көп мал-мүлкі болады, бәрін таратады.
- Құддысқа хижрет етеді, дүние жүзіне билік жүргізеді.
- Асхаби Кәһф оянып, оның көмекшілері болады.
- Көктен түскен Иса алейһиссаламмен қосылып, бірге Дәжжалды өлтіреді және бүкіл дүниені әділеттікпен басқарады.

Кешегі сұрақтың жауабы: Азаяды. Таразы, суға батырылған темір шарды тартпайды. Шардың көлемі қанша болса, шелектің ауырлығы сонша грамға азаяды.