Untitled Document

Дүниежүзіндегі мұсылмандардың ортақ паролі – Азан

Мешіттерде жамағатпен намаз оқылатын кезде муәззиндердің (азаншылардың) пірі ретінде Білал Хабашиді ізгілікпен еске алу әдетке айналған. Кейбір мешіттерде көзі көрмейтін сахаба Абдуллаһ ибн Мәктум да еске алынады. Бірақ сүйікті пайғамбарымыздың тағы да бір азаншысы бар еді, неге екені белгісіз есімін көбісі білмейді және еске де алынбайды. Ол Әбу Махзура деген сахаба. Әбу Махзураның қызықты бір хикаясы бар.

Азан – дүние жүзі мұсылмандарын мешітке шақыратын ортақ пароль. Биік жерде, әр намаз уақыты кірген кезде араб тілінде оқылады. Сүйікті пайғамбарымыз тарапынан қазіргі сөздерімен оқылуы әмір етілген.

Қызықтысы, батысқа қарай әр меридиан асқан сайын намаз уақыты 4 минут (28 км) алға жылжитыны үшін, бір уақыттың азаны бірнеше минуттан кейін тағы оқылады. Жержүзінің әр жерінде әр сәтте азан дауысы естіледі және сүйікті пайғамбарымыздың есімі аталады. Осылайша, Құран кәрімде сүйікті пайғамбарымызға қатысты айтылған «Сенің мәртебеңді көтермедік пе?» сөзінің ақиқаты ортаға шығады. Азан оқылған кезде бос болғандар мешітке барады. Үзірлі себептермен бара алмайтындар азанды құрметпен тыңдайды және сөйлемдерін қайталап тұрады. Хазреті Әбу Бәкір азан оқылып жатқанда, сүйікті пайғамбарымыздың есімін естіген кезде екі бас бармағының тырнақтарын сүйіп көздеріне сүртті. Пайғамбарымыз «Неге бұлай жасадың?» деп сұрағанында: «Сіздің мүбәрәк есіміңізбен берекеттену үшін, Йа Расулаллаһ!» деп жауап берді. Сүйікті пайғамбарымыз бұл сөзді ұнатып, «Дұрыс істедің, бұлай істеген адам көз ауруын тартпайды» деп бұйырды. Тіпті намаз бен құлшылыққа байланысы болмағандардың да азанға құрмет көрсетуі дәстүрге айналған.