Untitled Document

Хазреті Әбу Махзура (1)

Сүйікті пайғамбарымыздың төрт муәззині (азаншысы) бар еді: Білал Хабаши, Ибн Умми Мәктум, Са’д бин Абид Қурази және Әбу Махзура Әус бин Мияр Жумахи Мекки. Са’д Кубада азан оқитын. Білал азан оқығанда даусын ойнатпайтын, яғни дауысын көтеріп-түсірмейтін. Қаматта тәкбірлерді екі реттен, “хаййя аләс саләһ” пен “хаййя аләл фәләх”тарды бір реттен айтатын. Әбу Махзура азан айтқанда дауысын ойнататын, қаматта тәкбірлерді төрт реттен, “хаййя аләс саләһ” пен “хаййя аләл фәләх”тарды екі реттен айтатын. Имам Ағзам мен Ирак ғалымдары Білалдың азаны және Әбу Махзураның қаматымен амал етті, Имам Шафии мен Мекке ғалымдары Әбу Махзураның азаны және Білалдың қаматымен амал етті, Имам Ахмед бин Ханбал Білалдың азаны және қаматымен амал етті. Имам Малик тәкбірде және қаматта “хаййя аләс саләһ” пен “хаййя аләл фәләх”тарды екі реттен айтатын.

Ханафилер қаматта үлгі тұтқан Әбу Махзура Исламмен Мекке мукарраманың алынған жылында танысқан. Сол жылы пайғамбарымыз Таиф жорығынан Жиранаға қайтып бара жатқан болатын. Намаз уақыты келген кезде муәззин азан оқи бастады. Ол уақытта Расулуллаһқа қарсы үлкен дұшпандық және кек ұстаған Әбу Махзура және Құрайштық он жас жігіт азан даусын естіген кезде бір жерге жасырынады да мазақ қылып, муәззиннің айтқандарын қайталап, дауыстарын шығарып азан оқыды. Араларынан біреуінің дауысы жақсы екенін байқаған пайғамбарымыз оларды жанына шақыртты да, оларға жеке жеке азан оқытқызды. Ең соңғы оқыған Әбу Махзураның дауысын қатты ұнатып, оған азан үйретті. Кейінірек, намаз уақыты кірген кезде қолын басына қойып маңдайын сипады да азан оқуын әмір етті. Әбу Махзура бұл әмірді қаламай орындағаннан кейін сүйікті пайғамбарымыз оған біраз күміс ақша берді және оған дұға етті. Көңілін Ислам нұры қаптаған Әбу Махзура сол жерде мұсылман болды және сүйікті пайғамбарымыздан оны Меккедегі Харам шәриф мешітіне муәззин етіп тағайындауын сұрады. Бұл өтінішін қабыл еткен пайғамбарымыз Меккенің әміршісі Аттаб бин Әсидке баруын және жаңа міндетін оған білдіруін бұйырды. Әбу Махзура Расулуллаһ Меккеден кеткенге дейін Қағбада Білал Хабашимен бірге азан оқыды.