Үш тәңір болуы мүмкін бе?
Хазреті Маруф Кәрхидің «рахметуллаһи алейһ» заманында бала-шағасы болмаған христиан кісі бір күні мұсылман көршісіне барады да, «Көрші, көріп тұрғаныңдай бала-шағам жоқ. Мені бір дін адамына апарсаң деген өтінішім бар. Мүмкін дұға етіп перзент сүю деген арманымызға жеткізер» дейді. Көршісі оны хазреті Маруф Кәрхиге апарды. Хазреті Кәрхи қолдарын жайып: «Йа Раббым, бұл құлыңа қайырлы перзент бере гөр, сол баланың арқасында бұлар да иман келтіріп тозақта мәңгі жанудан құтылсын» деп дұға етті. Дұғасы қабыл болып, әлгі христиан ұлды болады. Бала өскен кезде, оны бір шіркеу попына апарып, «Бұны біздің дініміз бойынша жетілдір» деп өтінеді. Поп баланы алдына отырғызып, «Үш тәңір бар деп айт!» дейді. Бала бұған қарсы шығып, «Жоқ, үш тәңір болуы мүмкін бе? Аллаһ жалғыз, бүкіл адамдар Оның құлдары!» дейді. Поп бірден ашуланып:
- Олай болмайды! «Үш тәңір бар» деп айтасың!
- Жоқ, мен ол сөзді ешқашан айтпаймын!
- Неге айтпайсын?- деп поп ашуланады. Бала:
- Өйткені, «Үш тәңір бар» деп сенетіндер тозақта мәңгі жанады,- дейді.
Баланың бұл сөздері попқа әсер еткені соншалық, ол шәһадат кәлимасын айтып, мұсылман болады. Сөйтіп, екеуі қуанышпен баланың үйіне барады. Поптың жүзінде исламның нұры жарқырап тұрады. Баланың жағдайын үйдегілерге айтқан кезде, әлгі адамның есіне қаншама жылдар бұрын хазреті Маруфтың жасаған дұғасы түседі. «Ант етемін, бұл болған жәйт Маруф Кәрхидің кереметі» дейді де, шәһадат калимасын айтып ол да иман келтіреді. Оның артынан баланың анасы, кейін басқа да туысқандары бірінен соң бірі мұсылман болады. Осылайша бір отбасы толығымен иман келтіріп, барлығы мәңгі тозақта жанудан құтылады.