«Витринадағы өмірі ұзақ болсын...»
Азық түлік алу үшін дүкенге бардыңыз... Сабағы жасыл, қорабы сәнді, түр-түсімен ерекше үндескен этикеткасы, өздерінің қымбат бағасымен сөрелердің жұлдызы болып тұрған, қып-қызыл қызанақтар көреміз... Алып жылы-жайларда, барлығы компьютер арқылы басқарылып, топырақсыз шарттарда (сумен ғана) өсіп шығуда. Әр бірінің тамырына серум шлангы байланған, азоттар, фосфорлар, кальцийлер тамшы-тамшы берілуде... Ауа керек пе? Сораптар бар, судың ішіне қанша керек болса сонша ауа жеткізеді. Күн көзі керек пе? Сынапты лампалар бар, фотосинтез процесін тездететін үлкен қысымды жарық береді... Міне, осылар қазір қызанақ деп аталуда...
Әлі дүкендесіз... «Сүт ішіп сүйекті қатайту керек» деген сеніммен сөрелерді аралап жүрсіз. Ал сіздің сол сүтті берген сиырдың басынан өткергендерінен хабарыңыз бар ма? Сиыр сиыр болудан қалғалы көп болған. Олар – алдына келген барлық нәрсені жейтін, көп мөлшерде гармондар және антибиотиктермен күнелтетін тері қапталған ет бөлшектеріне айналған. Қазіргі таңда күніне жүз литр сүт беретін сиыр жетілдірілді. Мұның не екенін білесіз бе?!..
Дүкен арбасын сүйреуді жалғастырып келесіз... Жүзімдерді көрдіңіз бе? Бақшадан қазір ғана үзіп алынғандай. Өте жанды, өте ірі. Бұлар қайдан келуде? Қытайдан... Бұл жерде тұрғанына қанша күн болды? 3-5 күн болды. Аласыз да үйіңізге апарасыз, үйде де тағы 3-4 күн тұрады, бұрынғыдай бұзылып кетеді деген ой қаперімізге де кірмейді. Жақсы, бірақ қалай? Дәрі деп аталатын өте тамаша нәрселер бар. Жүзімдерге берілетін бұл дәрілердің пайдаларын санап көрейік:
- Жүзімді үлкейтеді, салмағын арттырады, пішінін, бейнесін әдемі етіп көрсетеді.
- Өскенде жүзімге жағымды түс береді.
- Жүзім сабағына қатты байланған болады, нәтижесінде ары-бері тасымалдағанда жүзім аз үзіледі, шығын аз болады.
- Жүзім қабығының шыдамды болуының нәтижесінде, жүзім аз зиян шегеді.
- Берілетін дәрінің мөлшерін арттырғанда жүзім ерте пісіп қоймай өндірушінің белгілеген уақытында піседі. Жоғары сапаны және стандартты ұстап тұрады, жарамдылық мерзімін ұзартады.
Сірә айтыла берсе мұндай мысалдар біте қоймас. Не дейміз енді... Витринадағы өмірі ұзақ болсын!