Untitled Document

Табытымды кім көтере алса, Маруф солардан болғаны

Аллаһ достарынан болған хазреті Маруф Кәрхи «рахметуллаһи алейһ» өмірінде мұсылман, мұсылман емес деп ешкімді бөлместен бәріне жақсылық жасайтын. Сол себепті қайтыс болғанын естіген бүкіл мұсылман емес адамдар да жаназасына жиналып: «Маруф Кәрхи бізден еді» деп жаназаны өздерінің мазарларына апарғысы келеді. Бірақ, бұған мұсылмандар разы болмайды. Сөйтіп дау-жанжал басталып кетеді. Айғай қыза түскенде ортаға бір туысқаны шығады да: «Өтінемін, дауласуды доғарайық. Бұл жөнінде (Маруф Кәрхи хазреттерінің) өзінің тірі кезінде қалдырған бір өсиеті бар еді.» дейді. Мұсылман еместер бірден «Қандай өсиет?» деп сұрайды. Бұған: «Табытымды кім жерден көтере алатын болса, Маруф солардан болғаны деген еді» деп жауап береді. Мұны естіген яһудилер бірден табытқа жармаса кетеді. Бірақ, бір миллиметрге де жылжыта алмайды. Христиандар да іске кіріседі. Алайда олар да көтере алмайды. Мұсылмандар ұстаған кезде, табыт құстың қауырсынындай жеңілдеп кетеді. Мұсылмандар оп-оңай көтеріп, бұл мубәрәк әулиені Мұсылман мазарына апарып жерлейді.

Бұл үмметтің үстемдіктері

  • Аллаһу та’ала бұл үмметке жалпыға бірдей жұт-бәле жібермейді.
  • Рамазан айы және Қадір түні осы үмметке берілді.
  • Бұл үммет дұшпан тарапынан, бәрі бірден жойылып кетпейді.
  • Сәрелік ас тек қана осы үмметке берілді.
  • Әр пайғамбар үмметі үшін  бір дұға еткен және қабыл болған. Пайғамбарымыз бұл дұғасын үмметіне шапағат үшін ахиретке қалдырған.
  • Әр жүз жылда бір мүжәддид ғалым келеді.
  • Мұсылмандардың дәрет алған мүшелері ахиретте нұрлы болады.
  • Жәннатқа алғашқы болып осы үммет кіреді.
  • Жәннаттықтардың басым бөлігі осы үмметтен болады.
  • Жәннатқа ең бірінші біздің пайғамбарымыз кіреді.
  • Бұл үммет қателікте ешқашан бірікпейді.