Untitled Document

Мұхаммедали Клэй

Шамамен қырық жыл бұрын бір университетте конференция беру үшін Лондонға барған едім. Сол жердегі Ислам Орталығына да соғып, қызметкерлерімен таныстым.

Бір күні кешке қонақ үйде болғанымда осы Ислам Орталығынан маған телефон шалып, «Америкадан келген үш-төрт қонағымыз бар еді. Сол қонақтарға қызмет көрсете аласыз ба?» деп өтініш білдірді. Келген қонақтардың аттарын сұрадым. Біреуінің есімі Кассиус Клэй екенін естігенімде, қонақтар жайғасқан қонақ үйге ертең баратынымды айттым. Жастық шағымда бокспен шұғылданғаным үшін, бокстан Әлем Чемпионы атанған Кассиус Клэйдің мұсылман болғанын білетін едім.

Ертеңіне келісілген уақытта қонақтар жайғасқан қонақ үйге бардым. Сол жерде жылы сәлемдескеннен кейін мен Кассиус Клэйді құшақтадым. Қарасам, оның көздерінен жас ағып тұр. «Жылама, неге жылайсың?» - деп жұбатуға тырыстым. Қалай жауап берді деп ойлайсыз ғой? «Мен қуанғанымнан жылап тұрмын. Өйткені, дүниеде мені ең алғаш құшақтаған ақ нәсілді адам сіз болдыңыз» деді.

Мұсылмандықты қабылдағанын және мұны жасырып жүргенін айтты. Менен намаз оқуды үйретуімді сұрады. Оған намаз оқуды үйреттім. Ұғымтал, қабілетті болғаны үшін тез меңгеріп алды және сол жерде бірге намаз оқып іс жүзінде де қайталадық.

Содан кейін, арадан жылдар өтті. 1964 жылы мұсылмандығын жариялап, есімін Мұхаммед Али деп ауыстырды және ауыр салмақта бокстан әлем чемпионы атанды. Кейінгі жылдары өкінішке орай Паркинсон ауруына шалдықты. 1993 жылы TGRT телеарнасының ашылу салтанатына оның да шақырылуын қаладым. Ол салтанатқа мен де барған едім. Ұзақтан мені таныды. Сол жерде тағы бір рет құшақтасып көрістік...

Пр. Др. Невзат Ялчынташ