Аллергия
Аллергияға шалдыққандардың мән беруі керек болған кейбір жәйттар:
- Үйдегі шаң кенелері (клещ) ылғалды ортада тез өсіп, көбейетіндіктен, үй ішіне күн түсуі керек, үй іші құрғақ және жарық болуы керек.
- Шаңның жиналуына себеп болатын артық заттарды үйде сақтамау керек.
- Құс қауырсынымен толтырылған жастық, көрпе және төсек орындарын мүлдем қолданбау керек.
- Тазалық жұмыстары жасалып жатқанда, аллергиясы бар адам бөлмеде болмауы керек.
- Үйде шылым шегілмеуі тиіс.
- Жататын бөлмеде сән өсімдіктері және гүл сақтамау керек.
- Ағартқыштар, майлы бояулар, иіссу, парфюм иісі болған жерлерден ұзақ болу керек.
- Грипп, тұмау сияқты аурулар аллергияны қоздыратындықтан, аурудың алдын алу керек.
- Аспирин және апранакс сияқты дәрілерді қолданбау керек.
- Желдеткіш құралдарын және бу машиналарын қолданбау керек.
Шәугімнің дыбысы
Шәугімде су қайнату үшін отқа қойған кезде басталған ызыңдаған дыбысты бәріміз білеміз. Бұл дыбыс бара-бара артады және су қайнай бастағанда бірден тоқтайды. Судың дайын болғандығын, яғни қайнағандығын осы дыбыстың тоқтағанынан түсінеміз. Бұл дыбыс қалай, ненің әсерінен пайда болады, айтып бере аласыз ба? (Жауабы ертең)