Титаниктың сыры (1)
Тарихтағы ең атақты кеме Титаник, бәріне теңіздегі қайғылы оқиға ретінде танылған, алайда алып жолаушы кемесінің артында адам сенгісіз бір сыр сақталған.
Морган Робертсон 1861-1915 жылдар аралығында өмір сүрген америкалық әңгіме және роман жазушысы. Жастық шағында теңізші болып жұмыс істеген болатын, кейін алмас тасының сарапшысы болды және Нью-Йоркта зергерлікпен айналысты. Кейінірек Киплингтің бір әңгімесін оқып жазушы болуға шешім қабылдады.
1897 жылы қыс уақытының бір түні. 24-ші жолдағы пәтерінде жаңа бір теңіз хикаясын жазуды жоспарлады. Бұл ұзын бір хикая болатын еді. Қиялында суға еш батпайтын, алып жолаушылар кемесі бар еді. Ғашықтық тақырыбымен құрылған бұл хикаяның кейіпкерлері осы алып кемеге мініп, Англиядан АҚШ-қа жол жүреді. Ғашықтар хикаясы дүниенің ең салтанатты кемесінде орын алатын еді. Бірақ, хикаяның қиялы кейіпкерлерді күтпеген бір тосын жәйітпен кездестіріп, бір теңіз апатына ұшыратып, батпайды делінген кемені мұхиттың түбіне батыратын еді.
Робертсонның сценарийі осы еді. Отырып жазды да, хикаясына (кітабына) екі атау берді.
Futility», яғни «Бос әурелік» және «Титан апаты». Иә, қате оқымадыңыз. Титан... Робертсонның романында «Титанның» бату қойылымы былайша еді:
«Бақылаушы айқайлай бастады. «Айсберг!» Бірінші офицер капитанға хабарлады да, дереу машина бөлімшесіне кері қайту әмірін берді. Бірақ, жылдамдықты азайту үшін уақыт керек еді және тұман арасынан айсберг те жақындай берді. Ал төменнен оркестрдің және көңіл көтеріп жатқан адамдардың дауыстары естіліп жатты. Капитан мен жәрдемшілерінің не істерін білмей шарасыз жүрген кездерінде айсберг Титанның оң жақтағы бортынан ұрды. Соққы әлсіз еді, тіпті қатты сезілмеді де. Капитан сол сәтте оңай құтылдық деп ойлаған еді. Бірақ, бірнеше минуттан кейін кеме бірден бір жанына қарай ауа бастады. Айсберг негізгі жарақатты судың астынан ашқан еді, бұл жарақат өлімге апаратын еді, өйткені айсберг Титанның бортын ұстарадай кесіп, талқандаған еді....»
(жалғасы ертең)