Untitled Document

Титаниктың сыры (2)

Ары қарай Робертсон хикаясын: кемені бір сәтте су алғанын, дабыл шалынғанын, суға батқандарды құтқаратын шлюпканың түсіріліп, алдымен әйелдер мен балалардың мінгізілгені, көмек шақырылулары жасалып, Еуропаның ең атақты және бай жанұяларының мүшелері бір-бірімен мәңгілікке қоштасып жатқанда, алып жолаушылар кемесі Титанның мұзды полюстың суына аса тез жылдамдықпен батып бара жатқанын суреттеп, бір сәтте шөгіп батқанын түсіндірумен жалғастырған еді…

Арадан 14 жыл өткенде дүниенің ең үлкен және сәнді кемесі Титаник, Англияның «Southampton» кемежайынан АҚШ-қа қарай теңізге шықты. Кейін, 1912 жылы сәуір айының 14-нен мен 15-не қараған түнінде тұман арасынан бір айсберг шығып, «еш батпайтын» деп атақ берілген Титаниктің өлтірушісі болды...

Робертсонның романындағы бату қойылымы дәл қайталанды. Сәйкестік бұл ғана емес. Қараңыз романындағы басқа да сәйкестіктер:

  • Титан және Титаник те бірдей порттан (Southampton) жолға шықты.
  • Титан 248 метр, Титаник 252 метр еді.
  • Титан 70000 тонна, Титаник 66000 тонна еді.
  • Екі кеменің де 3 қалақшасы (пропеллер) бар еді.
  • Титанға да, Титаникке де Еуропаның зиялы байлары және атақты отбасылар мінген еді.
  • Титан, Ньюфаундленд аралының төңірегінде бір айсбергке, Титаник те 14 жылдан кейін дәл сол координатада айсбергке ұрылып мұхиттың түбіне батты.
  • Титанда 24 құтқару шлюпкасы, ал Титаникте 22 құтқару шлюпкасы бар еді.
  • Апаттың салдарынан Титаникте 1513 адам, ал Робертсонның романындағы Титанда 1500 адам қаза тапқан еді.
  • Әр екі кеме де 3000 адамдық еді, Титаникке 2224 адам мінген еді.
  • Екі кеменің де ғұмыры, тіпті батып бара жатқандағы оркестрлік әуен шалуына дейін бірдей еді.

Морган Робертсон табысты болмаған, кітабын сатпаған, кейін де жазған шығармалары жарық көрмеген еді. Психологиялық күйзеліске түсіп, бір ауруханада психологиялық ем алады. Ешкім оны есіне де алмағанды. Тек 1980 жылдарда ғажайып оқиғаларға байланысты зерттеулер жүргізіле бастағаннан кейін ғана аты атала бастады.