Мұндай ғашықтық болған емес (1)
Үндістанға Исламды өзіміздің ата-бабаларымыз әкелді. Сол жерде үлкен мемлекет құрды. Әмір Темірдің немересі Бабыр Кабулдан шығып, кезінде атасы да жаулаған Үндістанға қарай бет алды. Аздаған күшпен осы жерге орналасты және адамзатқа теңдесі жоқ туындыларын қалдырған алып империя құрды. Бабыр империясы патшаларының әркім біле бермейтін бір ерекшеліктері бар. Ол - әйелдеріне деген теңдесіз махаббаттары. 2007 жылы дүниенің жаңа жеті ғажайыбының бірі болып таңдалған және UNESCO дүниежүзілік мәдениет мұрасы тізімінде орын алған Таж Махал да осындай шынайы ғашықтықтың бір жемісі.
Ағылшын лорды Эдвард Лэар «Адамдар екі түрге бөлінеді: Таж Махалды көргендер және көрмегендер» деген екен. Таж Махал – Үндістан билеушісі Хуррем Шах Жиханның өте қатты жақсы көрген жұбайы Әржуменд Бану-Бегум Мумтаз Махал үшін Агра қаласында салдырған кесенесі. Дүние жүзіндегі ғашығына арнап салынған ең үлкен және ең көрнекті ескерткіш.
Мумтаз Махалдың әкесі Асаф хан, Қарақойлық Түркмендерден болып Иранда уәзір еді.
ииліктен бастартып Сүнни болған. Кезінде ата-бабалары жасаған қол жұмыстарын Мина базары деп аталатын жәрмеңкеге апарып сататын және ақшасымен қайырымдылық жасайтын. Сол замандары сұлтан болған Шах Жихан анасы жағынан туысқаны боп келетін 20 жасар Мумтаз Махалмен осы жерде танысады. Сұлулығы мен зеректігіне таңданады.
арихтағы ең үлкен махабаттың бірі осында туды. Жанұялық өмірлері 20 жылға созылды. Осы уақыт ішінде Шах басқа әйелдерге мүлдем қарамады. 14 баласы болды. Соның жетеуі тірі қалды. Мумтаз Махал соңғысын туып жатқанда қайтыс болды. Босану кезінде қайтыс болған әйелдер Үнді мәдениетінде асыл (мәртебелі) болып саналатын. Бұл өкінішті жағдай Шах Жиханның күйреуі үшін жеткілікті болды. Шахтың көзі бұл дүниеде ешнәрсені көре алмайтын болды.
(Жалғасы ертең)