100 жасаудың әдісі
- Денені, азықтарды, киімдерді және айналаны таза ұстау,
- Ең бірінші шарт – жүйелі және тыныш отбасылық өмір сүру,
- Балдың көптеген дертке дауа екендігін ұмытпау,
- Күніне ең аз 500 гр жеміс немесе көкеніс жеу,
- Бірдей уақытта және ерте жатып, ерте тұру,
- Болмашы нәрселерден мәселе тудырып ашуланбау,
- Күнде таза судан молынан ішу,
- Белгілі уақыттарда аз-аздан жеу,
- Тұзды көп тұтынбау және дәріні жиі қолданбау,
- Үздіксіз жұмыстарда арада бір демалу,
- Етті, сүтті, майды, жұмыртқаны азайту,
- Өте суық, ыстық және желді ауадан сақтану,
- Күн сайын бір мезгіл таза ауада серуендеу,
- Еттен бас тартыла алмайтын жағдай болса, тауық және балықты таңдау,
Сәбіз, шпинат, капуста, ақжелек (петрушка) және сүтшөпті көп тұтыну.
Өмір
- Әке, өмір дегеніміз не?
- Азан мен намаздың арасы, балам.
- Әке, өмір дегенің осыншалықты қысқа ма?
- Иә, намазсыз азанмен, азансыз намаздың арасы, балам.
- Әке, оны қалай түсінсек болады?
- Өткенде Хасан ағаңның жаңа туылған баласының құлағына азан оқыған едік қой. Сол азаннан кейін намаз оқыдық па?
- Жоқ. Әке, оны түсіндім. Ал азансыз намаз қалай болады?
- Жақында, әкең қайтыс болған кезінде оны да көрерсің, балам...