Untitled Document

Сөздің әсер етуі үшін

Хазреті Шақиқ Бәлхи жас кезінде достарымен жолда келе жатып: «Мына отқа табынып жатқандарға барайық. Тиіспейміз, тек бұлар қандай ақымақ адамдар, соны көрейік» дейді.  Сөйтіп шіркеулеріне барады. Қараса, өте жылы жүзді, өте көрікті бір бала, қатты беріліп, өз-өзін отқа бағыштап, табынып жатады. Шақиқ: «Бұған Исламды бір түсіндіріп көрейін, отта жанбасын бұл адам» деп, жанына барады да: «Бауырым, бұл от саған пайдасыз. Бұның ешқандай пайдасы жоқ. Кел мұсылман бол және бұл оттан құтыл!»- дейді. Ол жігіт бұған қарайды да шапалақ тартып жібереді, қатты ұрғаны соншалық, бес саусағының ізі бетінде қалады. Шақиқ әлгі балаға бас салмақ болған достарына «Тиіспеңдер!» дейді. Олар: «Не істейміз?» деп сұрағанда, «Мен бұл шапалақтың себебін білемін. Кетейік бұл жерден!» дейді де, шіркеуден ұзап кетеді. Достарына: «Әркім өз жолымен, мен басқа мемлекетке кетемін. Бір медресеге барам, әрі ілім үйренемін, әрі көңілімді (жүрегімді) де тазалаймын. Мен адам емес екенімді осы шапалақтан түсіндім.» дейді де достарымен қоштасып, басқа мемлекетке кетеді. Ол жерде 10 жыл, 20 жыл, қанша жыл болса да жетіліп, тандырдың ішінде нанның піскені сияқты піседі. Нандай піскен кезінде ол жерден кетіп, өз мемлекетіне қайтып, достарын табады. Қалғандар қалған, кеткендер кеткен болады. Олардың бәрін жинап, «Кеттік баяғы шіркеуге тағы бір рет кіріп көрейік!» дейді. Сөйтіп шіркеуге барады. Бұл жолы ол жерде жасы жеткен кәрі біреудің отқа беріліп табынып жатқанын көреді. Шақиқ Бәлхи тағы да оның жанына барып былай дейді:

-Кешіріңіз, бұл оттың сізге беретін ешқандай пайдасы жоқ. Ахиретте адамды осы оттың үлкені жағады. Отқа табынудан бас тартыңыз.

-Иә, рас айтасың. Маған калима шаһадатты айт!- дейді. Хазреті Шақиқ кәлимаи шаһадатты айтып, әлгі адам шын ықыласымен калимаи шаһадатты қайталайды. Кейін Шақиқ одан мынаны сұрайды:
-Мен 25-30 жыл бұрын осы жерде бір жас жігітті көрген едім. Оны Ислам дініне шақырдым, қабыл етпеді. Маған шапалақ ұрған еді. Ол қайда, өлді ма?
-Ол менмін ғой, мен. Шапалақтың ізі қалды ма?
-Қалған жоқ. Сол кезде таяқ жедім, ал қазір енді неліктен калима шаһадат келтірдіңіз?

-Өйткені ол кезде сен өзің айтқандарыңмен амал ететін адам емес едің. Сөзің еш әсер етпеген еді...