Мұсылман таза болады
Мұсылман таза болуы тиіс! Исламда таза болудың маңызы өте үлкен. Тазалық – иманнан.
Мұсылмандар мешіттерге, үйлерге аяқкиімімен кірмейді. Жерге төселген төсеніштер (кілемдер) шаңсыз, таза болады. Әрбір мұсылманның үйінде монша болады. Денелері, киімдері, ішкиімдері, тағамдары таза болады. Таза болғандықтан микроп және ауру да жоламайды. Аллаһу та’ала Құран кәрімнің көп жерлерінде “Таза болғандарды жақсы көремін” деп бұйырды.
Хадис шәрифтерде былай делінді:
- Мұсылман кір болмайды.
- Тазалық – иманның жартысы.
- Мұсылмандық – тазалық діні. Таза болуға тырысыңдар! Жаннатқа тек таза болғандар кіреді.
- Намаздың кілті – тазалық.
- Дін – тазалық негізіне құрылған.
- (Тазаланатын нәрселеріңді) жақсылап жуыңдар, тазалаңдар! Өйткені тазалық иманға, ал иман иесін жәннатқа жетелейді.
- Әрбір мұсылманның жұма күні жуынуы, мисуак қолдануы және әдемі иіс себуі керек.
- Ауыздарыңды тазалаңдар, өйткені ауыздарың Құранның жолы.
- Тамақтан бұрын және кейін қол жуу байлыққа жол ашады және кедейлікті кетіреді.
- Тырнақтарыңды алып көміңдер! Ауыздарыңдағы ас қалдықтарын тазалаңдар және мисуак қолданыңдар! Иісті ауызбен және тістерің сарғайған күйде алдыма келмеңдер!