Төртеуі ойын картасында, біреуі Англияда
60 жыл тақта отырған 86 жастағы Королева ІІ Елизавет, бас тәжін ең ұзақ қорғаған билеушілердің бірі. Мысыр патшасы Фарухтың жылдар бұрын тура болжам келтіріп: «Бір замандар келеді, дүниеде бес король қалады. Төртеуі ойын карталарында, қалған біреуі Англияда!» деген екен. Королева – ағылшын монархиясының символы. Ағылшындардың ұлттық әнұрандарының соңғы сөйлемі мынадай: «Тәңір ұлылықты қорғасын!» Бүгін Англия, Шотландия, Уэльс, Солтүстік Ирландиядан басқа, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттер, елбасы ретінде Королеваны қабыл етеді. Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін тәуелсіздігін алған ағылшын колониялары “Commonwealth” деген атпен бірлік құрған. Бұның басында да Королева отыр.
Англиядағы Королеваның билігі бүгінде тек символикалық жағдайда, бірақ монархияны алып тастау ешкімнің ақылына да кірмейді. Өйткені, бұл көбінесе саяси және әлеуметтік құлдыраулардың алдын алушы құрылым. Оның үстіне туризмге де маңызды үлесі бар. Ағылшындар королева сарайына кеткен шығындарды осындай жолдармен еселеп қайтарып алады. Бүгінгі күнде ағылшындар тағында әйел отыр. Өйткені бұл олардың мұрагерлік жүйесіне сәйкес. Алайда, тарихта әйел билеушілерінің саны өте аз. Тіпті Рим және Германия мұрагерлік жүйесінде әйел басқарушыларға орын жоқ еді. Бірақ Англия бұл ерекшелікті де қалыптастырды және Еуропада бәлкім ең алғаш болып әйелді таққа отырғызды. Бұл алғаш Королеваларының да аты – Елизавет еді. Онсыз да ағылшындар әрдайым басқалардан ерекше болып жүруге әуес. Мысалы оларда жол жүру тәртібі сол жақты жүйеде. Ауырлық пен ұзындық өлшем бірліктері басқаша. Пошта маркаларына мемлекеттің аты жазылмайды және т.б.