Тағы да Англия жайлы
Әйел басқарушы болған кезде династия арада бір өзгеріп тұрады. Мысалы, қазіргі королеваның күйеуі Филипп – Грециялық принц. Бірақ түбі Дания династиясынан, ал негізінде неміс. Демек, королева қайтыс болған кезде, жаңа бір династия басталған болады. Королеваның атасының атасы да түбі неміс болған Белгияның принці еді. Королева Викторияға үйленген еді. Королева Виктория Англия тағына үлкен абырой алып берген. Мемлекетін “күн батпайтын бір империя” жағдайына келтірген. Бұның да атасының атасы І Джорж Ганноверлік Неміс принці еді. Сол кездегі соңғы королдің әпкесінің немересі болуы арқылы қартайған шағында Англия тағына отырды. Ағылшын тілін мүлдем білмейтін. Министрлер кеңесі жиналысына да осы себепті қосыла алмады. Оның мұрагері де өзі сияқты еді. Бірақ немересі Англия принці болып жетілген еді. Таққа отырған кезде министрлер жиналысына қосылуды қалады. Бірақ премьер-министр бұған кедергі болды. «Дәстүр осылай ұлы мәртебелі. Әкеңіз де, атаңыз да қосылмаған еді» деді.
Ағылшындардың 750 жылдық парламенттері бар. Қауым палатасы және лордтар палатасы болып екі бөлімнен тұрады. Парламент барлығынан жоғары тұрады. Шығарған әр заңдары конституция ретінде өтеді. Ешкімнің мұны болдырмауға ақысы да, күші де жоқ. Англия – демократияның бесігі боп саналады. Үлкен екі партиясы бар. Бұлар жүйенің маңызды бөлшегі. Барлығы таққа нық берілген. Партия төрағасы не десе сол болады. Оған қарсы шыққанның саясаттағы өмірі бітеді. Премьер-министр де өте күшті. Мемлекетті сол басқарады.
630 мүшесі бар парламент Westminster шіркеуінің жанына жиналады. Ішіне оншалықты адам саны сыймағандықтан, 346 депутаттан басқалары тыңдаушы ложасында отыруға мәжбүр. Сондықтан парламентте мықты атмосфера бар. Депутаттар аяғын аяғының үстіне қойып отыратын болса, қарсыдағы адамның мұрнына тиіп қалады. Оң жақта оппозиционерлер, сол жақта Жұмысшы партиялар мен Либералдар отырады. Жаңа парламент ғимаратын салу ешкімнің ойына да кіріп шықпайды. Өйткені Англияны Англия қылған – сырттан келгендер.