Untitled Document

Англияда эпископ лордтар

Ағылшындардың лордтары да бар. Халық сайлаған депутаттардан басқа, мың шақты тектілер, парламенттің лордтар палатасы деп аталатын бөлімін құрайды. Бұлардың біразы Англия тарихында маңызды рөл атқарған отбасылардың мұрагерлері. Көпшілігі билеуші тарапынан өмір бойы лордтық атағы берілген маңызды адамдар. Лордтар палатасы әрі заңдарды тағы бір рет талқылайтын бір сенат, әрі мемлекеттің аппеляциялық органы болып табылады. Соттардың шешімдері осы жерде қарастырылады. Лордтар арасында 26 эпископ бар. Қате оқымадыңыз. Англияға лайық емес. Оның үстіне патша, Англия шіркеуінің басшысы болып табылады. Бірақ Англияда барлық дінге үлкен еркіндік бар. Мұсылмандар және яһудилер өз діндері бойынша үйленіп, ажыраса алады.

Кім керең?

Бір кісі дәрігерге барып:
- Дәрігер мырза, әйелімнің құлағы естімей қалған сияқты, не істеуге болады?- дейді.
- Үйге барғанда әйеліңіздің артында, біраз ұзағырақта тұрып, орташа дауыспен оған сұрақ қойыңыз. Егер сізді естімесе жақынырақ барып сол сұрағыңызды тағы қайталаңыз. Қандай қашықтықта еститінін анықтайық, соған қарай бір ем қарастырамыз.
Әлгі кісі үйіне қайтады. Асхананың есігінде тұрып орташа дауыспен:
- Ханым, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?- дейді.
Әйелі жауап бермейді. Ол жақынырақ келіп тағы да сұрайды:
- Ханым, кешкі асқа қандай тамақ жейміз?
Әйелі тағы да жауап бермейді. Ол  жанына келіп тағы қайталайды:
- Ханым, кешке қандай тамақ жейміз?
Әйелі жауап береді:
- Үшінші рет айтып тұрмын ғой саған, котлет!..