Жанұя күйреуде... (2)
Қазір бұл кітап Еуропа жолында. Ұясын сақтап қалғандардың бірі болған Карол Фицгеральд ханым «Бұл семинарлардан кейін, негізінде отбасымдағы ең үлкен проблема мен өзім екеніме көзім жетті. Кез-келген жайтқа басқа көзқараспен қарауды үйрендім. Күйеуім қандай болса, солай қабылдап, оған барлық тұрғыдан сенім артып, арқа сүйеу керектігін түсіндім. Ғашық болған адамымды бір кездері өзгертуге тырысқанымның қаншалықты негізсіз, сандырақ екенін түсіндім. Және де тыныш, әрі бақытты бір жанұяға қол жеткіздім...» дейді.
Лаура кітабында: Мойынсұну, бағыну шексіз де емес. Есірткіге тәуелді, зорлық-зомбылыққа құштар, сенімділік сезімін ояндырмайтын опасыз еркектерге «бағыну» былай тұрсын, олардан аулақ болу керек!...» деп ескертеді.
Күйікте алғашқы жәрдем
- Күйген жер мұз немесе сумен суытылады.
- Стерилді дәкемен орау керек немесе таңып қою керек.
- Үлкен күйіктерде жарақаттанған адам жиі-жиі су ішуі керек.
- Ісіген жерлерді жаруға болмайды.
- Жараларға дәрі, май, вазелин жағылмайды.
- Жаралардың үстін қолмен ұстауға және мақтамен орауға болмайды.
- Бұрын таңылған дәке жара үстінен алынбайды, үстінен емеделеді.
- Ноқат мөлшеріндей сөнген ізбес (әк) бір ыдыс суда ерітіледі. Суы алынып, сол мөлшерде зәйтүн майымен араластырылады. Осылайша жасалған май-дәріні күйген жерге жағу керек.