Untitled Document

Дүниежүзілік Қыбла күні

Қыбла бағытын табуда жіберілген қателіктерді кетіру үшін 28 мамыр және 16 шілде күндері «Дүниежүзілік Қыбла Күні» деп белгіленген. Қазақстан сағаты мен Алматыда 28 мамырда сағат 15:18 де және 16 шілде күні сағат 15:26 да, жылда екі рет күн дәл Қағбаның төбесіне тура келеді. Күн Қағбаның төбесіне келгенде жер бетінде күнді көріп тұрған аймақтарда Күнге қарай бұрылғандар дәл Кағба бағытына қараған болады. Осылайша бір қаланың құбыла бағыты оңай жолмен және дұрыс табылған болады. Күнтізбемізде әр күні әр бір қала үшін Қыбла сағаттары уақыты беріліп отыр. 

Құбыла бағыты қалай табылады?

Күнтізбемізде әр қала үшін  берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады.  Өйткені күн бір тәулікде бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.

Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына  (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.

Математикалық ойын
1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!

(Жауабы ертең)