Untitled Document

Өзін жаннаттық, ал күнәһарды тозақтық демеу керек

Сұрақ: Мұсылманның өзін жаннаттық секілді, ал күнаһарларды жаһаннамдық деп көрулері дұрыс па?

Жауап: Күнәһарларды ұнатпау керек, бірақ өзін күнәһарлардан үстеммін деп те ойламау керек. Өзін жаннаттық, ал күнәһарды жаһаннамдық деп білмеу керек. Тіпті кәпір үшін де бұлай ойламау керек. Кәпір бір шаһадат кәлимасын айтумен жаннаттық, ал өзі бір күпірге себеп болатын сөз айтып жаһаннамдық болуы мүмкін.

Исраил ұлдарынан бір қарақшы қырық жыл күнә істейді. Бір күні хазреті Исаны хауарилерінің біреуімен кетіп бара жатқанын көреді. Бұрынғы жасаған тонаушылықтарына өкінеді. “Мен бұларға қосылайын” деп арттарынан жүреді. Хауаридің жанына жақындап, ішінен “мен сияқты қарақшының мұндай ұлы адамның жанында жүруі дұрыс бола ма екен?” деп ойлайды. Хауари болса “бұл қарақшы қайдан тап болды? Қалайша менің жанымда жүр” деп ойлап одан алыстап Иса алейһиссаламға жақындайды. Сонда Аллаһу та’ала хазреті Исаға уахи жібереді:

«Екеуіне де айт! Екеуінің де өткен өмірлерін жойдым. Амалдарын жаңадан бастасын. Өзін ұнатқаны үшін хауаридің ғибадаттарын жойдым. Өзін төмен санағаны үшін қарақшының күнәларын кешірдім.»  

Хазреті Иса болған жағдайды екеуіне де айтып, қарақшыны хауарилердің қатарына алады. (И. Ғазали)

Адам аздап білімді болса және ғибадатын орындап жүрсе тәкаппарлықтан құтылуы қиын болады. Білімсіз адамдарды, ғибадат етпейтін адамдарды төмен, мал сиқты көреді. Өзі ұшін ұнатқан, лайық деп санаған нәрселерін басқалар үшін ұнатпайды. Хақ және ақиқатты басқалардан естісе қабыл еткісі келмейді. Олардың насихаттарына, кеңестеріне құлақ аспайды, нәпісінен асып өте алмайды.  

Тәкаппарланбау керек. Күнәһар, жаман адамды көргенде ол бір күні тәубе етіп құтылар, Аллаһ сақтасын мен адасуым мүмкін деп өзімізді одан үстем деп қарамауымыз керек. Бүкіл мұсылмандардың әһли сүннет сеніміне, дүние және ахирет бақытына қауышулары үшін дұға етуіміз керек.