Untitled Document

Адам өлтіру Израилдің кәсібі

Газаның 1 миллион 500 мыңдық халқының 900 мыңға жуығы босқындар лагерлерінде өмір сүруде. Бұл адамдардың денсаулық, білім алу және басқа да қажеттіліктерін БҰҰ, халық аралық жәрдем ұйымдары және арап өлкелерінен жіберілетін жәрдемдермен қамтамасыз етілуде.

Осы орайда 37 мемлекеттен әртүрлі тіл, ұлт, дін өкілдерінен құралған 700-ден астам активист, парламент депутаттары, академик, журналист, жазушы және басқа да маман иелері Газа халқына көмек беру, үміт беру үшін бас қосқан еді. 9 кеме жолға шығып олардың 3-і техникалық ақауларға байланысты кейін қалған еді. 6 кеме 2010 жылдың 30 мамыр күні Оңтүстік Кипр ашық теңізінде кездесті. Бұлардың 3-і Түркиядан, 2-і АҚШ-тан, 2-і Грекиядан, 1-і Ирландиядан еді. Кемелерде азық-түлік, текстиль өнімдері, киім-кешек, аяқ киім, кілем, үй жиһаздары, медициналық жабдықтар, дәрілер, балалар ойын алаңдары, құрамалы үйлер, құрылыс заттары, құрал-саймандар және электрлі техникалар сияқты қажетті жабдықтар болды.

31 мамыр түнгі 3:30 шамаларында халықаралық теңіз суларында Израиль мемлекеті, әуе және теңіз күштерімен “Мави Мармара” атты түрік кемесін басып жаншып 8 Түркия азаматын және бір америкалық түрік азаматын шәһид қылды. 50-ден астам адам ауыр жарақат алды. Кемелер, ондағы заттар, жолаушылар тұтқынға алынды. 1,5 тәулік бойы соққыға жығылып, жәбірленді. Тек 19 жасар Фуркан Доган атты боздақты айтудың өзі жеткілікті. 45 см-ден аз қашықтықтан бетіне, екі рет басының артына, арқасына және сандарына оқ жаудырылған.

Халықаралық заң бойынша Израильге қарсы соғыс ашу үшін жеткілікті себеп болатын бұл жабайылыққа орай Түркия елі Израильге “жасағандарың қарақшылық” дегенімен “кешірім сұра, өлілердің жақындарына қан өтемін төле” деп шектеулі және бейбітшіл мәміле танытты. Алайда ағасы Американың әлпешіндегі ерке бала сыңлы Израиль әлі күнге дейін адамгершілік таныта алмады. Израильді өз азаматынан артық көргендей қолдаған Америкадан бастап, өз азаматтары жәбір көрген өзге елдер де бұған сын айтуға бата алмады.