Темекіні тастау үшін
1- Темекіні тастауға нақты, үзілді-кесілді шешім қабылдап бұл жолда қалауыңызды соңына дейін қолдануыңыз керек.
2- Темекіні бірден тастаңыз! Өйткені бірден тастап кетудің іске асқаны көп тәжірибеден өткен. Бірден тастай алмайтын адам ақырындап, аздап тастауы керек.
3- Ең алдымен, темекі шегетін және сізді темекіге тартатын достардан және олармен бірге болатын орталардан алыс болыңыз. (шайхана, ойынхана т.б.)
4- Темекі шектіретін және темекіні еске салатын барлық нәрседен ұзақ болыңыз! (Темекінің қорабы, сіріңке секілді)
5- Сізде темекі шегу қалауын оятатын тағамдардан және сусындардан ұзақ болыңыз. Жалпылама жеміс, көкөніс және сұйық тағамдарды тұтыныңыз.
6- Әсіресе темекі шегу қалауы көбейген кездерде бір шыны (стакан) су ішіңіз!
7- Жоспарлы, жүйелі және белсенді (активный) өмір сүру түрін қабылдаңыз!
8- Сізді стресске түсіретін тақырыптардан және талас-тартыстардан ұзақ болыңыз!
9- Бос уақыттарыңызды пайдалы істермен және ашық (таза) ауада жүрумен өткізіңіз.
10- Мүмкін болса бірнеше достарыңызбен бірге тастаңыз!
11- Темекіні тастағаннан кейін әр өткен күні денсаулығыңызға зиян бермейтініңізді, қайта пайда әкелетініңізді ойлап өзіңізге болған сенімді нығайтуыңыз керек!
12- Бұл арада салмақ қосудан қауіптелінетін болса шекерлі, тұзды, ұнды, крахмалды және өте майлы тағамдардан ұзақ болу керек.
13- Жүйке жүйелерінің қуаттануы үшін және дененің қарсы тұру қабілетін арттыру үшін “В” витаминіне қанық азықтармен қоректену керек!
14- Түнгі өмірден ұзақ болу керек!
15- "Бір дана темекіден не қылады" деген сияқты ұсыныстарға алданбаңыз! Өйткені бұл бір ғана темекі бұл жолдағы бүкіл еңбектеріңізді босқа кетіруі мүмкін екендігін ұмытпаңыз!
16- Қазір кейбір дәрілер де шыққан. Темекіні тастауда көмектері бар.