Күнтізбе кестесіндегі уақыттар
Имсак: Ораза тұтқанда ауыз бекітетін уақыт. Таң намазы имсак уақытынан 15--20 минут өткен соң кіреді және Күн деп белгіленген уақытқа дейін жалғасады.
Күн: Таң намазы уақытының біткенін білдіреді.
Бесін: Бесін намазының алғашқы уақыты. Бесін намазының уақыты екінді намазының уақытына дейін жалғасады.
Екінді: Екінді намазының басталу уақыты. (Имам ағзамның (Асри сани) үкімі бойынша берілген.) Екінді намазының уақыты шам уақытына дейін жалғасады.
Ақшам: Шам намазының алғашқы уақыты. Ораза тұтқанда осы шам уақытында ауыз ашылады. Шам намазының уақыты құптан намазына дейін жалғасады.
Құптан: Құптан намазының алғашқы уақыты. (Екі имамның (Иша-и әууәл) үкімі бойынша білдірілген уақыт) Құптан намазының уақыты имсак уақытына дейін жалғасады.
Құбыла сағаты: Күнтізбемізде берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікде бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.
Қауын-қарбыз
- Қауын мен қарбыз әрі тамақ, әрі сусын. Асқазан мен ішектерді тазалайды. Теріні әдемілейді, бас ауруын жазады.
- Қарбыз асқазанда тез қорытылады. Тамақтан бұрын жесе, ағзаларды тазалайды. Бас ауруына жақсы.
- Қауын мен қарбыз қуық тастарын ерітеді, зәрді көбейтеді және ас қорытуды жеңілдетеді. Қауын немесе оның дәндерімен бетті сүртсе дақтарды кетіреді.
Пайғамбарымыз қарбызды жас құрмамен бірге жейтін