Науқас пен дәрігер
Заманының әулиесі болған Суфйан Сәури хазреттері бір күні науқастанып қалады. Туыстары оған емдеу ісін жетік меңгерген, танымал бір христиан дәрігерді шақыртады. Дәрігер емдегелі жатқан адамның мұсылмандардың ұлы адамы және әулиелерден екенін естіген болатын.
Хазреті Суфйан Сәури келген дәрігермен медицина және басқа да ғылымдар жайында сөйлеседі. Келген дәрігер өз кәсібінің маманы болса да, хазреті Суфйан Сәуридың медицина турасында айтқандары өзінің еш естімеген, мүлдем білмеген мәліметтері еді. Бұларды тыңдап отырып таң қалады. Сосын тексеруге кіріседі. Болғаннан соң:
– Сіздің өкпеңіз және бүйректеріңіз толығымен жарамайтын күйде. Мұндай жағдайдағы адамның өмір сүруі мүмкін емес,- дейді. Хазреті Суфйан Сәури:
– Аллаһу та’ала барлық нәрсеге құдіретті,- деп жауап береді. Мұны естіген дәрігер таңданып мынадай ойға келеді:
«Бір дінде, медицина жағынан өмір сүруі мүмкін болмаған бір адамның өмір сүруі, ол діннің қате және жалған болмағандығына ашық бір дәлел.»
Хазреті Суфйан Сәуридың алдында шаһадат калимасын келтіріп мұсылман болады.
Сол дәуірдің халифасы бұны естіп былай деген екен:
«Дәрігер ауруды емдеуге келді деп ойлап едім, ал негізінде керісінше ауру адам дәрігерге келген екен.»
8 доп
Көлемі бірдей болған 8 доптың жетеуінің салмағы бірдей, ал біреуі басқаларынан ауырырақ. Күйентелі таразымен (екі жақта табағы бар таразы) екі рет өлшеп ауыр болған допты таба аласыз ба? (Жауабы ертең)