Untitled Document

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

1972 жылы Швецияның Стокгольм қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Ортаны Қорғау конференциясында қабылданған шешіммен, 5 маусым күні Дүниежүзілік Қоршаған Ортаны қорғау күні болып қабылданды. Бұл елеулі күн елімізде де аталып өтуде. Қоршаған ортаның қорғалуы, өркенделуі және жақсаруы тақырыптарында көрсетілген шаралардың басты мақсаты – адамдардың таза және қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға зиян тигізетін де, айналаны қорғайтын да, көріктендіретін де – адам болып табылады. Бүкіл дүниеде болғанындай, өлкемізде де, әсіресе үлкен қалаларда, қоршаған ортадағы ең үлкен проблема – қоқыс.

Пластикалық ыдыстағы азықтардың орнына шыны ыдыстағы азықтарды таңдаған жөн. Бір шыны ыдыс 4000 жылда, пластик 1000 жылда, сағыз 5 жылда, сыра жәшігі 10-100 жылда, темекі фильтрі 2 жылда жойылады.

Ыдыс-аяқ жуғыш машиналарда қолданылатын химиялық жылтыратқыштардың орнына табиғи заттардан болған сірке суын қолдануға болады. Қолданып болғасын тасталатын батарейкалардың орнына қайта зарядталатын батарейкалар қолдануға болады. Шыны, қағаз, картон, пластик және металл сияқты қалдықтар бөлек-бөлек жиналып, шикізат көзі ретінде әр түрлі секторларда қолданыла алады.

Кешегі жұмбақтың жауабы: Доптар 3, 3 және 2 етіліп үш топқа бөлінеді. Алдымен 3-еу болған топтар жеке-жеке таразыға қойылып тартылады.
А) Тең болса, ауыр болған доп 2-еулік топта
Б) Біреуі ауыр болса, сол топта болғаны мәлім болады.
Әр екі жағдайда да, ауыр допты табу үшін тағы да бір бір доптан тартып көреді.