Untitled Document

Мусхафтың тарихы (2)

Хазреті Осман заманындағы Ерменийа соғыстарында шамдықтар мен ирактықтар арасында қыраат (Құран кәрімнің оқылуы) жағынан айырмашылықтар байқалды. Жорықтан қайтқанда хазреті Хузейфа халифаға өтінішпен барып осы айырмашылықтардың алдын алуын сұрады. Хижреттің 25 жылында халифа хазреті Осман, уахи катибтерінен хазреті Зәйд бин Сабит бастаған Абдуллаһ бин Зубәйр, Саид бин Ас және Абдуллаһ бин Харис бин Хишам да қатысқан бір алқа жинады. Бұлардан Зәйдтен басқасының барлығы құрайыштық сахабалар болатын. Хазреті Осман алқадағыларға диалектілік ерекшеліктері Зәйдпен бірікпейтін болса, Құрайыш диалектісін таңдауын айтты. Құран кәрім араб тілінің жеті диалектісіне (Құрайыш, Хузәйл, Хауазин, Йемен, Тәмим, Тай және Сақиф диалектілеріне) сай оқыла алатын күйде түскен. «Құран кәрім жеті әріп болып түскен» деген хадис шәрифтің мағынасы осы. Алғашқы кездері әрекеттер мен нүкте болмағаны үшін алғашқы мұсылмандар өз тілдерінің жазуларын оңай, бірақ кішкене өзгеше оқитын. Мысалы Тәмимдықтар “син” әрпінің орнына “тә” дейтін, нас сөзін нат деп оқитын. Бұл өзгешелік және қолайлық еді, мағынаны өзгертпейтін. Уақыт өтуімен диалектілік айырмашылықтар жоғалғаны үшін, Құрайыш диалектісі барлығының орнына өтті.

Құрылған алқа хазреті Хафсадағы мусхафты алдыртты. Бұл мусхафта сүрелер бір-бірінен бөлінбеген еді. Сүрелер хазреті Әлидегі мусхафта түсу тәртібі бойынша, ал Ибн Мәсудтікінде сүренің ұзындығына қарай тізілген еді. Қазіргі аяттар Құрайыш диалектісімен жазылған. Мысалы табут сөзі тұйық тсә әрпімен емес, Құрайыштықтардың істегеніндей ашық тә әрпімен жазылды. Сүрелер бір-бірінен ажыратылып, ұзақтығына және өзара байланысына мән беріліп бір тәртіпте тізілді. Сүрелердің тәртібі Аяттардың тәртібінен өзгеше болып хазреті Жәбрейілдің білдіруі және пайғамбарымыздың ишарасына емес, сахабалардың ижмасына (ауызбірлігіне) сүйенеді. Келешекте келіспеушілік шығуының алдын алу үшін осы ескі нұсқа және басқалары да жойылып, жаңа нұсқадан бөлек пергамент үстіне тағы да бір-бір мусхаф жаздырылып, бір қаримен бірге Бахрейн, Шам, Басра, Куфа, Йемен және Меккеге жіберілді. Мысыр мен Жазираға да жіберілгені риуаят етілген. Бұл мусхафтарға Мәсахифи Османия делінеді. Ал халифаның жанында қалғанына «имам мусхаф» делінді. Бүгінде дүниедегі мусхафтардың барлығы осылардан тарағаны үшін араларында ешқандай айырмашылық жоқ.