Мусхафтардың түпнұсқалары бүгінде қайда сақталған?
Мәдинадағы нұсқаның бетінде сахабалардың ижмасы (ауызбірлігі) білдірілген және артында алқа мүшелерінің есімдері білдірілген бір жазу бар еді. Топкапы сарайындағы мусхафтың осы екендігі болжануда. Меккедегі нұсқа Қағбаи Муаззамада сақталған. Шамға жіберілген нұсқа Сұлтан ІІ Абдулхамид заманына дейін Умәййя мешітінде сақталып, шыққан өрт салдарынан құтқарыла алмаған. Лондондағы мусхафтың осы екені де айтылуда. Куфадағы мусхаф бір кездері Хумс қамалында сақталған болатын. Әмір Темірдің Ирактан Ташкентке әкелген мусхафтың осы екені болжануда. 1923 ж большевиктер тарапынан Мәскеуге әкелінген бұл мусхаф кейіннен қайтарылған. Мұның Мәдина мусхафы екендігі айтылуда. Басрадағы нұсқа Куртубаға (Кордова), бұл жерден Мууахиди сұлтаны Абдулмумин тарапынан Ишбилияға (Севилла) жіберілген. Бұның өлімінен (1163ж.) кейін шыққан шиеленістерде Португалияға апарылған. Бір саудагер тарапынан алынып Мароккоға әкелінген, бұл жерде ұзақ уақыт бойы мемлекет қазынасында сақталған. Марокколық саяхатшы Ибн Баттута хазреті Осман шахид етілген кезде оқыған мусхафтың осы екендігін және үстінде қан дақтарын көргендігін айтқан болса да, жылдардың сарғайтқаны болса керек. Өйткені әрбір ескі мусхаф үшін дәл осындай тұжырымдар айтылуда. Бірақ бүгінде ғылыми сараптама арқылы мұны анықтау мүмкін болып отыр. Стамбул Түрік Ислам еңбектері мұражайындағы мусхафтың Басра мусхафы екендігі айтылуда. Мысырдағы нұсқа Амр бин Ас мешітінде болған кезде, Мысырдың алынуынан кейін Йавуз Сұлтан Сәлимге тапсырылып Топкапы сарайына әкелінді. Қазіргі таңда Стамбулда екеуі хазреті Османнан, үшеуі хазреті Әлиден қалған бес мусхаф бар. Бұлардың біреуі хазреті Османның, екеуі хазреті Әлидің қол жазбалары. Сахабалар дәуіріне қатысты басқа да мусхафтар Стамбул, Каир, Мекке, Париж, Лондон, Петербург сияқты дүниенің түрлі қалаларында бар.