300 түрлі Інжіл
Құран кәрімде хазреті Исаға (алейһиссалам) Інжіл деп аталатын діни үкімдер негізінде жеке кітаптың түскені білдірілген. Сүрйани тіліндегі Інжіл, толығымен жазылмағаны және жатталмағаны үшін, дағуаты үш жылға ғана созылған хазреті Исаның көкке көтерілуінен аз уақыттан кейін жоғалып кеткен. Бүгінде христиандар Інжіл атты жеке кітаптың болмағандығын, Інжілден мақсат хазреті Исаның болғандығын білдіру екендігін айтуда. Хауарилер, Інжілді үйретуге және кейінгі ұрпақтарға жеткізуге тырысса да, олардың санының аз болуы және мемлекет қолдауынан махрұм болуы, одан бөлек көбісінің оқу-жазуды білмегендігі, міндеттерін лайықты түрде орындай алуына қиыншылықтар тудырған. ІV ғасырда Изник (Никея) кеңесі жиналысында, Інжіл деп аталатын және барлығы үшінші жақты сөздермен айтылған хазреті Исаның өмірі мен сөздерін жеткізген 300 кітап арасынан Матта, Маркос, Лука және Юханна атты төртеуі таңдалып, басқалары жойылды. Бүгін христиандардың Қасиетті Кітап (Holy Bible) деп атайтын кітаптары, Ахди Атик делінетін Тауратпен осыған байланысты кітаптары және Ахди Жәдид (New Testament) деп аталатын төрт Інжіл (Матта, Маркос, Лука және Юханна) мен Расулдар делінген хазреті Исаның шәкірттерінің оқиғалары мен хаттарынан құралады.
Жарнаманың әсері
АҚШ-та көктемнің шуақты күнінде Бруклин көпірінің үстінде бір адам қайыр тілеп отыр екен. Аяқ тұсындағы плакатта «Туғаннан бері соқырмын» деп жазулы екен. Қайыршының алдынан өткен адамдар аңда-саңда ғана аздаған тиын-тебен тастап кетіп жатады. Бір жарнама агенттігінде істейтін адам мұны көріп, плакаттың төмен жағына бірдеңе жазып қайта орнына қояды. Болар іс осыдан кейін болыпты. Жазуды оқыған әрбір адам қайыршының алдындағы шапкаға ақша тастай бастайды. Қысқа ғана уақытта шапканың толып тасуына бір ғана сөйлем жеткілікті болады. Жазылған сөйлем мынадай екен:
«Көктемнің құлпырған, шуақты күні... Әттең мен көктемді көре алмаймын...»