Ағылшын тыңшысы Лоуренс
Түркі елінің қатыгез дұшпаны, ағылшын миссионері және тыңшысы Лоуренс 1910 жылы Осман империясына келіп, Фырат су қоймасында «Архиологиялық зерттеулер» деген атты жамылып, деректер, мәліметтер жинады. Араб мемлекеттерінде Ислам әдеттерін және араб тілін таза сөйлетіндей дәрежеде үйренгеннен кейін, өзін арабтарға шейх қылып танытып, олардың арасында нәсілшілдікті тудырды және көтеріліс жасауларына айдап салып, Осман империясының құлдырауында үлкен рөл ойнады.
Зымиян және жиіркенішті ағылшын саясатында бұлжытпай қолданылатын принцип мынау еді: «Бөліп ал, биле (басқар), жоқ қыл.» Мұсылман елдеріндегі ішкі және сыртқы шиеленістер осының нәтижесі. Ислам дініне жасалған осындай соққылар нәтижесінде, батыс мәдениетінің қайнар көзі болған ислам мәдениеті тығырыққа келгенін, мұсылман елдері бір-біріне қарсы қойылып, батыстың мәдени империализмінің, отарлауына және қанауына душар болғанын тарих көрсетуде.
Күн Шаян шоқжұлдызында
Бүгін 21 маусым. Күн Тауешкі шоқжұлдызына кіріп, жаз маусымы басталды. Жаз маусымы 94 күнге созылып, 22-қыркүйекте аяқталады. Күн бұл шоқжұлдызда 31 күн болады және 22-шілдеде Арыстан шоқжұлдызына кіреді.
Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді. Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та кәсіпке айналған.
Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.
Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі ғылыми шындық. Алайда Шоқжұлдыздарға қарап, бал ашу және оған сену қате нәрсе.