Untitled Document

Насриддин Қожа (Қожанасыр)

22 маусым 1284 жылы қайтыс болған Насриддин Қожаның кесенесі Ақшехирде. Қабірі әлі күнге дейін мұсылмандардың зиярат орындарынан болып есептеледі. Қазақстанда Қожанасыр деген атпен танымал болған бұл кісі жайғана ойдан шығарылған кейіпкер емес. Насриддин Қожа - адамдарға тура жолды көрсетумен өмірін өткізген, нақыл мен даналыққа толы насихаттар жүргізген адам. Өзі әулие, ғалым адам болған. Оның сөздері ауыздан-ауызға өтіп, қазірге дейін сақталған. Оған тағылған дінге, адамгершілікке және этикаға жат әзіл әңгімелер оның сөздері емес.  Насриддин Оның хикаялары және қызықты әңгімелерінің таралғаны соншалық, шығыс Түркістаннан Балкандарға дейінгі халықтардың ауыз әдебиетінен орын алған. Қожа түркиядағы Сиврихисардың Хорту ауылында туылып, 1284 жылы 22 маусымда Ақшехирде қайтыс болған. (Бір аңызда Бұхарада туылғаны туралы да айтылған.)

 

Араша

Қожа керілдесіп тұрған екі жігіттің үстінен шығып қалып, арашаға түсіп, бірін жетектеп ол жерден алып кетеді.

Ызадан қалшылдап келе жатқан жігіт былай шыға бере:

  • Қожеке, сен арашаламағанда әлгінің жағын айырып жіберетін едім, - дейді кіжіне сөйлеп.
  • Пайданы білмейді екенсің, - деп ұрсыпты Қожа сонда әлгі жігітке, - оның жағын жұдырығыңғды ауыртып айырғанмен ол саған бір теңге де бермейді. Сен одан да менің отынымды жарып, балтамен-ақ айырып бер. Шайлық ақша таппағаныңды көрейін.