Untitled Document

Иман және белгісі

Иман – “Амәнту”де білдірілген алты шартқа сену дегенді білдіреді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

“Иман – Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларға, ахирет күніне, (яғни қиямет күніне, жәннатқа, жаһаннамға, есепке, мизанға), тағдырға, жақсылықпен жамандықтың Аллаһтан екендігіне сену деген сөз.”

Бұларды жүрекпен растау, қабыл ету шарт болып табылады. Иманның қуатты болуының белгілері көп. Осы жайындағы хадис шәрифтерден біршамасы маныдай:

«Жақсылық еткенде қуанып, күнә істегенінде өкінетін адам иманды деген сөз.»
«Жүрегінде иманы болған адам Аллаһу та’аланы жақсы көреді.»

«Иман – жалаңаш. Киімі – тақуалық, әшекейі – ұяттылық, қазынасы – фиқһ, жемісі – амал.»

«Иман – намаз деген сөз. Кімде-кім намаз үшін жүрегін дайындаса және намазын ықыласпен уақытына (өзге де парыздарына) және сүннетіне сай оқыса, ол – мүмин болып табылады.»

 «Иманы ең қуатты мұсылман жақсы мінезді болғаны. Адамдар жанына оңай жақындай алады, келіп кетушілері көп болады. Барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады. Айналасындағылармен сиыса алмайтын адамда қайыр жоқ.»

«Қайда болса да Аллаһу та’аланы ұмытпайтын адамның иманы қуатты.»

«Иманнан болған үш нәрсе: таршылықта инфақ ету (өзіне өте қажет болған нәрсесін мұқтаж болған кісіге беру, қайырлы іске жұмсау), кездескен мұсылманға сәлем беру және өз зиянына болса да әділетті болу.»

«Жамандаған, лағнет еткен, ұятсыз сөз сөйлеген және ұяты аз болған адам кәміл (иманы қуатты) мүмин емес.»

«Мені бала-шағасынан, ата-анасынан және барлық адамзаттан да артық жақсы көрмеген адам иман келтірген болмайды.»