Untitled Document

Жақсы және жаман мінездер (2)

Ұлығым Аллаһ әрқашан
Жақсылық істер нәсіп ет.
Жамандықты қайтарар
Бар тағы жеті қасиет.

Пендені Аллаһ әрқашан
Жақсылыққа иландыр,
Күпірлікті жоятын
Білгендерге иманды.

Екіншісі самғия,
Мейірің Аллаһ баршылық,
Теріс жолға түскенге
Көрсету әркез қарсылық.

Үшіншісі тауаддух,
Момындық алсаң түсініп.
Менмендікті жоятын
Кісілік әрі кішілік.

Жаман мінез деп айттық,
Рия қылып мақтану.
Бұдан керек сақтану.
Сақтанудың ақ жолы –
Ықылас қылып ақталу.

Хасадқа қарсы насихат,
Бітімшілік елшілік.
Адамдық пен адалдық,
Бір сөзбен айтсақ – кеңшілік.

Біреуге қайырым жасасаң,
Деме – дүние жоғалттық,
Сараңдыққа қарсы сахауат,
Сақылық яки жомарттық.

Жетінші жаман исраф,
Мал шашу шектен асырып.
Исрафқа қарсы үнемдеу,
Дүние жұмсау орнымен,
Құранда депті машруғ.

Бұл сөздерден ғибрат ал,
Ойға сап терең аңдап ал.
Ақыл мен берді парасат,
Бойыңа қайсы жарасат,
Қателеспей таңдап ал.
(Шайһан Хамзаұлы)