Әлемдегі өрескел заңдар
- Чехия: Көшеде спицамен тоқыма тоқыған адам қамауға алынады.
- Голландия: Айқай-шу шығарған отбасылар, үстіне «Шу шығарушымын» деп жазылған киім киіп жүреді.
- Кирибати: Тынық мұхитындағы 33 арал мемлекетінде мас адамның және пальма жапырағын жұлғандардың жазасы – 3 күн қамау.
- Ботсвана: Қылмыс істегенжасөспірімдерді көпшіліктің алдында 3 рет бөкселерінен қамшылайды.
- Оңтүстік Корея: Сабақтан қашқан оқушылар еңбекпен түзеу колониясына жіберіледі.
- Чехия: Қабырғаларға сызып, сурет салғандар қамау жазасын алады.
- Ресей: Белгородская қаласында боқтағандар бақылауға алынады.
- Австралия: Автокөлік ұрыларына 10 апта жөндеу шеберханасында жұмыс істеткізіледі.
- Германия: 14-17 жастар арасында қылмыс істеген балалардың отбасыларына ақшалай немесе қамау жазасы беріледі.
- Мексика: Орынсыз артық әрекеттермен көпшіліктің мазасын алудың жазасы – кепілсіз 1 жыл қамау.
- Канада: Көпшілік жерлерде өксіп жылаған баланың жанұясына психологиялық емдеу көрсетіледі.
Ислам ғалымдарының сөздері
1) Адамдарға рахмет айтпаған адам, Аллаһу та’алаға шүкір етпеген болады.
2 ) Жетістікке жетудің, табысты болудың шарты қарапайым, кішіпейілді болу.
3) Хараммен қоректенген денені жаһаннам оты жағады.
4) Мұсылман – қолынан және тілінен ешкімге зияны тимейтін адам.
5) Бұл заман адамдарға мейірімді болу заманы, ашулану заманы емес.
6) Қарсыңдағы кәпір де болса өзіңді одан үстем көрме! Өйткені ертең не болатыны белгісіз. Маңызды болған соңы.
7) Мұсылманға тәкаппарлық, мақтаншақтық жараспайды.
8) Сырат көпірінде алты нәрседен сұралады; иман, намаз, қажылық, зекет, ғұсыл және құл ақылары.